Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Өмірім-өнерім» атты кездесу болып өтті.

№51 мектеп-гимназиясының АКТ залында желтоқсанның сегізі күні әдебиет, өнер тарландарымен «Өмірім-өнерім» атты кездесу болып өтті. Ол кездесу тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналды. Шақырылған қонақтар:

  1. Айтыскер ақын балғынбек Имашов
  2. Қуыршақ театрының әртісі Бейсенбаев Досымхан Бейсенбайұлы
  3. Жастар театрының әртісі, киноактер Ахметов Әділ Ералыұлы

Өткізілген іс-шараның мақсаты: оқушыларға поэзия құдіреті, өнер жолының өрісі, қызығы мен қиындығы, шаттығы мен қайғысы, арман мұратын дәріптеу еді. Қазақ деген ұлы халықтың ана сүтімен дәріптелген болмысы мен бітімінің ұлылығын, қан тазалығын, тектілігін дәріптеу еді. Ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз өнер жұлдыздарымен балалар пікірлесіп, сұрақтар қойып, естелікке суретке түсті. Балалар үшін естен кетпес кеш болды.

Өнер жұлдыздарының құрметіне оқушылар мен ұстаздар ән салды.

  

  

  

 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное