Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«ЭКО» стилиндегі өмір тақырыбындағы қалалық дөңгелек үстел

2016 жылдың 12 желтоқсанында сағат 12.00 –де Астана қаласы №58 мектеп-гимназиясында қала мектептерінің биология, химия, география пәні мұғалімдерімен қалалық «ЭКО» стилиндегі өмір акциясы аясында дөңгелек үстөл Астана қаласы Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің бастамасымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың экологиялық сауаттылығын жетілдірудегі өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасу, осы сұрақ аясында ғалымдармен сұхбаттасу, экологиялық тұлғаны қалыптастыруда үздіксіз білім берудің жай күйін саралау;
Іс-шараға Астана қаласы мектептерінен 80 мұғалім, Білім басқармасы әдіскері А. Мендыбаева , С. Сейфуллин атындағы Агротехникалық университетінің экология кафедрасы меңгерушісі б.ғ к. Сатыбалдиева Гульмира Калмашевна және г.ғ.к. Қазанғапова Нургуль Буркитбаевна қатысты
Астана қаласы бойынша 2016 жылдың 30 қарашасы мен 11 желтоқсаны аралығында ЭКО» стилиндегі өмір акциясы аясында мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептерде, колледждерде, ЖОО-да әр түрлі білім беру және танымдық іс- шаралар ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстөл барысында қаламыздың Білім беру ұйымдарындағы эколгиялық білім берудің ортақ мәселелері айтылды , онда № 36,62,70,31 мектептің ұстаздары өздерінің озық тәжірибелерін ортаға салды. Іс шара барысында педагогтар экологиялық білім берудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, тәжірибелерін ортаға салды.










Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное