Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Насихатшылар тобы» байқауы өткізілді.

Мектебіміздің бастауыш сыныптары оқушылырының арасында, жас жеткіншектердің жол жүру ережесі қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Насихатшылар тобы» байқауы өткізілді. Бұл байқауда оқушылар жол жүру ережесіне қатысты әртүрлі деңгейдегі сындардан өтті.

         

Байқау өте жоғары деңгейде өтті, оған себеп оқушылардың байқауға деген ерекше қызығушылығы екенін атап айтқан жөн.

         

Байқау Әділ қазылар  мүшелерінің бағалануымен өткізілді. Байқауды бағалау оларға өте қиынға соқты, өйткені қатысушылар арасында әлсіз топтың болмауы, олардың байқауға тыңғылықты дайындалғандығы себеп болды.


         

Көрермендер байқауды үлкен ықыласпен қабылдады. Осы байқау арқылы жас жеткіншектеріміздің жол жүру қауіпсіздігін сақтауына деген көзқарастарына дұрыс бағыт ұсынылды.

          

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное