Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Здоровая нация-здоровое поколение» атты акция

Спорт – адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Өйткені, әлсіз әрі қиындыққа көп ретте қарсы тұруға қауқары жетісе бермейтін жандарға мамандар бір ауық спортпен шұғылдануға кеңес береді екен.


 

Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларына ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз. Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір құдіреті.

Мектебімізде «Здоровая нация-здоровое поколение» атты акциясы өтті.  Акцияға мектеп оқушылары үлкен қызығушылықпен қатысты.

Іс-шара әнмен сүйемелденіп мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қатысушылар өздерінің жеңіске деген ұмтылыстарын көрсете білді. Жарыста: бестас, асық ату, ләңгі тебу сияқты ұлттық ойын түрлері болды және мектебіміздің мейірбикесі  қатысушылармен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Қатысушылар мақтау қағаздары мен жүлделі орындарға ие болды.









Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное