Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Тәуелсіздікке 25 жыл!

12 желтоқсан күні 7 «Е» сыныбында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты  сынып сағаты өтті.



Іс-шараның негізгі мақсаты азаматтық пен отансүйгіштікті тәрбиелеу, елімізге, жерімізге деген мақтанышты ояту, сезіну. Сынып сағаты Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, «Қазіргі Қазақстан» бейне үзінділерімен жалғасты. Бүкіл сынып 4 топқа бөлініп: білімділер, ақылдылар, эрудиттер мен ойшылдар сұрақтарға жауап беріп, ұпайлар жинады. Сынып сағатының қорытындысы бойынша, эрудиттер тобы жоғары ұпай жинап, тәтті сыйлыққа ие болды.

Іс-шара барысында оқушыларымыздың Отанымыздың тарихын білетініне толықтай көзіміз жетті.

Еліміздің барлық тұрғындарын бейбіт аспан, достық пен түсіністіктің мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное