Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 төсбелгі

           Мектептің салтанат залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Кешке ата-аналар мен оқушылар және мұғалімдер қатысты. Мектеп директоры көпшілікті Тәуелсіздік күнімен құттықтап, 25 оқушыны «Ел патриоты» төсбелгісімен марапаттады. Бұл төсбелгі – мектептің атынан қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, өнерде, спортта жеткен жетістіктері үшін берілді. Мерекелік шарада жас театр ұжымы сахналаған «Міржақып» драмасы көрерменнің көңілінен шықты. Күйшілер күмбірлете күй шертіп, әншілер тамылжыта ән салып, биші қыздар мың бұрала билеп, жиналған қауымды өнерлерімен тамсандырды. Көктал кентінің ардагерлер кеңесінің мүшесі Жеңіс ата оқушыларға тілек білдіріп, өзінің жүрекжарды өлеңін оқып берді. Сөйтіп, келген меймандар мектеп ұжымына өздерінің ризашылық сезімдерін білдіріп тарқасты.



















Ұйымдастырушы педагог: Болатбек Бақытжан


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное