Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Жақсылық жасай білейік

10.12.2016 жылы Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай № 16 орта мектебінің 5-7  қазақ сыныптар арасында қайырымдылыққа көмек көрсету үшін жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкені ұйымдастырушы тарих және география пәні мұғалімі Ж.И.Канлыбаева жауапты болды. Жәрмеңкеде өте дәмді  тағамдар жасап әкелінді. Арзан бағамен сатылды, балалардың көңіл күйі көтеріліп қалды. - Қамқорлық жыл сайын өтетін қайырымдылық шаралардың біріне айналып отыр. Басты мақсаты – тұрмысы төмен, көп балалы және жетім, мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау көрсету болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік себептерге байланысты мектепке баруға мүмкіндігі болмай қалатын балаларды алдын ала анықтап, оларға жәрдем беру. Түптеп айтқанда зәру балаларға барынша көмек көрсетуге күш саламыз және барша астаналықтарды осы қайырымдылық акциясын қолдауға шақырамыз.  Қамқорлық жасау қайырымды қоғамның қағидасы деп білеміз.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное