Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Білімді жас - Тәуелсіз Қазақстанның болашағы

Қазақстан Республикасы Тәуелсідігінің 25 жылдығының қарсаңында «Мәңгілік жансын бағың – Тәуелсіз Қазақстан!» атты ұранмен 10.12.2016 ж. колледжімізде шығармалар байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Студенттер шығармаларын қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне жазды.
Байқауға 1-2 курстардың 16 студенті қатысты.
Шығарма жазу нәтижесінде сауаттылықтары мен тіл шеберліктері, көркем әдебиет стилін пайдалану критерийлері ескеріле отырып, қатысушылар мынадай қорытындыны көрсетті: қазақ тілі бойынша - І орынды Жумина Айдана, орыс тілі бойынша Достанов Мади, ағылшын тілі бойынша Абдразакова Надира иеленді.
Байқаудың қорытындысын шығару үшін сайланған әділқазылар алқасының құрамына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің жоғары санатты оқытушылары енді.
Әдістемелік бөлімнің байқауды өткізудегі басты мақсаты студенттердің тілдерді сауатты меңгеруінің престижін көтеру, патриоттыққа баулу, Тәуелсіз Қазақстан үшін мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу, тәуелсіздік, бейбітшілік пен жалпықоғамдық келісім идеясын дамыту болды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное