Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Педагогтердің кәсіби өсуі мен өзін-өзі жетілдіруге шығармашылық ынталандыру, Қазақстанның заманауи мектептерінің мұғалімдері мен басшыларының инновациялық тәжірибелерін тарату және зерттеу мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2016 жылдың 7-8 желтоқсан күндері «Алатау» шипажайы базасында (Алматы қ.) «Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсын өткізді. Фестивалге мектебімізден ұстаздар қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Бастауыш сынып мұғалімі Сагимбаева Дария Мухтаровна II дәрежелі  дипломмен,  география пәнінің мұғалімі Алиева Ляззат Нургалыковна  III дәрежелі дипломмен, педагог-психолог Нуриддинова Бақытгүл сертификатпен марапатталды.  Білім көшін жаңашылдықпен жылжытып келе жатқан ұстаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное