Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті

9 желтоқсан күні мектебімізде Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен құрылған республикалық бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген салтанатты жиынға оқушылар белсене ат салысты. Мектебімізден «Жас Ұланға» 51 оқушы, «Жас Қыранға» 62 оқушы қабылданды. Оқушыларға төсбелгі мен галстукты байлау рәсімі мектеп-лицей директоры Г.К.Амринаға және ұстаздарға берілді. Ұйымға қабылданған оқушылар елінің патриоты болып, халқына адал қызмет етуге ант етті.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное