Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсыңында, біздің еліміздің Тәуелсіздігінің 25-жылдық аясында № 16 орта мектепте салтанатты іс-шаралар өтті.

3 желтоқсанда Төлеген Айберегенов атындағы № 16 орта мектепте «Ұланымыз ұлы елдің» салтанатты іс-шара өтті. Іс-шарада 5-сыныптың ең үздік оқушылары  - оқу үздіктері, мектеп белсенділері «Жас ұлан» қатарына алынды. Болашақ жасұланшылар өздерінің ересек жолдастарының «Жас ұлан» балалар ұйымын қатарына кіру маңыздылығы туралы баяндамаларын тыңдады. Мектептік өзін-өзі басқарушылар жасөспірімдер «Жас ұлан» ұйымы қалай жұмыс істейтіндігі туралы айтты. Патриоттық әуен ырғағына болашақ жасұланшылар залға кірді, «Жас ұлан» балалар ұйымының анты салтанатты түрде айтылды. Жасұланшыларға мектеп директоры Балжан Каиртаевна Айтмухаметова, директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Ақбота Бакытовна Есематова, директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары Дария Алхановна Алиева, мереке қонақтары, мектеп белсенділері галстук байлады. Салтанатты сәттен кейін жүргізуші мен іс-шараға қатысушылар «Біз - «Жас Ұлан»». Ұранымыз: «Қазақстан – Нұрсұлтан - Жас  Ұлан!!!» деп айтты. «Жас ұлан» қатарына қабылданған балалар өз шығармашылығын көрсетті – өз Отаны – Қазақстан Республикасы, Тәуелсіздік, еліміздің Тұңғыш Президент туралы өлең айтты. Жас жасұланшылар алдыңда 6 «б» сынып оқушысы Самира Смаилова «Қазақстаным» әнің шырқады. Барлық қатысушылар іс-шара соңында дәстүрлі жасұланшылардың әнұранын қосылып айтты.






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное