Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Міржақып Дулатұлы және Тәуелсіздік идеясы» атты қалалық ғылыми-практикалық конференция

           Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхаммедұлы Бөкейхановтың 150 жылдық мерей тойына орай «Міржақып Дулатұлы және Тәуелсіздік идеясы» атты қалалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференция барысында Міржақып Дулатұлына арналған мұражай ашылды. Мектеп директоры жиналған қауымды бағдарламамен таныстырып, Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Конференцияның бағдарламасына сәйкес көпшілік назарына драматург Ерсайын Төлеубайдың «Міржақып» драмасының ықшамдалған нұсқасы ұсынылды. Қойылымды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ұлы дала – ұрпағы» атты Махамбеттің жас мұрагерлеріне арналған І Республикалық байқауының Бас жүлде иегері – №68 орта мектептің жас театр ұжымы сахналады. Драма халықтың көңілінен шығып, көзіне жас келіп, тіпті кейбір көрермен жылап та алды. Қоюшы режиссер Төкенов Берікхан Рахымжанұлының еңбегі де зор болды. Ш.Шаяхметов атындағы Тіл дамыту орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Алаштанушы ғалым Ербол Ердембекұлы Тілешов баяндама оқып, оқушыларға Міржақып туралы біраз ақпарат берді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Сағымбай Ботпайұлы Жұмағұл да Міржақып Дулатұлының оқу-ағарту ісіне қосқан ерен еңбегі туралы атап өтті. ҚР Мемлекет тарихы институты Ғылыми ақпарат бөлімінің бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты Қалиев Жабай Нұрмақұлы және Астана қаласы Білім басқармасының жауапты қызметкерлері Баяхметбаева  Күнімбала Ізтілеуқызы мен Әмірғалиева Дайра Қайнемқызы құттықтау сөз сөйледі. Пленарлық отырыстан кейін үш секция бойынша жиындар өткізілді. Мұғалімдер мен оқушылар баяндама оқып, ғылыми-практикалық конференцияға белсене қатысқаны үшін марапатталды.































Ұйымдастырушы педагог: Болатбек Бақытжан

  


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное