Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«МЕЙІРІМДІ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ

«МЕЙІРІМДІ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ

 Тәуелсіздігіміздің  25 жылдық мерей тойы қарсаңында Елбасы Н. Назарбаевтың  әр Жолдауындағы әлеуметтік саясатты іске асыру мақсатында Астана әкімінің ұйымдастыруымен  желтоқсанның 1-і мен 31-і аралығында «Мейірімді қала» акциясы қолға алынды.
    Акцияның мақсаты - жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, II Дүниежүзілік соғыс ардагерлері, барлық топтағы мүгедектер, мүгедек балалар, тұрмысы төмен отбасылар, көп балалы отбасылар, жетім балалар, онкологиялық ауруға шалдыққан балалар, ДЦП-ға шалдыққан балалар және туберкулезбен ауыратын балалар сияқты азаматтардың жеңілдікті санаттарына көңіл аудару және қамқорлық көрсету.
Осы акцияға №15 мектеп-лицей ұжымы мен ата-аналар белсене қатысуда. 7 желтоқсан күні мүгедек жасөспірімдерге ақшалай, азық-түлік түрінде және техникалық жабдықтармен қамтамасыз етті. «Мейрімді қала» акциясына белсене қатысқан №15 мектеп-лицей ұжымы мен ата-аналарға  /спонсорлар/ алғысымды білдіремін.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное