Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

"Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқу мен оқытудың тиімді әдістерін қолдану арқылы мұғалімнің іс-тәжірибесін жетілдіру жолдары"

№51 мектеп-гимназиясында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқу мен оқытудың тиімді әдістерін қолдану арқылы мұғалімнің іс-тәжірибесін жетілдіру жолдары» тақырыбы бойынша серіктес мектептердің қатысуымен қалалық семинары. 9 желтоқсан 2016 жыл.

№51 мектеп-гимназиясында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқу мен оқытудың тиімді әдістерін қолдану арқылы мұғалімнің іс-тәжірибесін жетілдіру жолдары» тақырыбы бойынша серіктес мектептердің қатысуымен сағат 9:00-де қалалық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: білім мазмұнын жаңарту жағдайында білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін оқу мен оқытудағы жаңа әдістерді қолдана отырып, мұғалімдердің іс-тәжірибесін жетілдіруге ықпал ету және педагогтардың оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануын көрсету.

Семинарға Астана қаласының  №№38, 42,44,50,52,64 мектептердің ұстаздары қатысты.
Семинар бағдарламасында:
1.Ток-шоу «Айтуға оңай».
2. Шебер-сыныптар.
3.Сыныптан тыс жұмыс түрлері (коучинг, тренинг, ата-аналар жиналысы).
4.Кері байланыс (өткізілген іс-шараларды талдау, бағалау)

Спикер:
Жусупов Ермек Айтмагамбетович – директордың бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары. Семинардың модераторы, ҚР жалпы білім беру басшыларының біліктілігін арттыру курсын 2014 жылы аяқтаған. Астана қаласы, ПШО.










Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное