Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Біз Елбасымен біргеміз»

Желтоқсан айының  9 күні Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепте  Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Біз Елбасымен біргеміз» атты 7 сынып оқушыларынан құралған хор ұжымдарының  байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:  Адамгершілік, патриоттық идеяларды, ұлттық-патриоттық сана-сезімді қалыптастыру, бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. 7 сынып оқушылары бұл байқауға  ерекше жауапкершілікпен дайындалған. Қазақ сазгерлерінің  тамаша әндерін ерекше сезіммен жеткізе білді.  Хор ұжымдарының өнеріне мектебіміздің директоры Айтмухаметова Балжан Кайртаевна, мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  Есематова Ақбота Бахытовна және Алиева Дария Алхановнамен бірге қаламыздың осы саладағы майталман мамандары жоғары баға берді. Олар: Цих Станислав Владимирович – Оқушылар Сарайының бас режиссеры, Гаценко Людмила Ивановна – Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген  өнер қайраткері, хореограф, «Алтын Дән»  мемлекеттік халық  балалар би ансамблінің жетекшісі.

      Байқау болған соң марапаттаулар мен бағалы сыйлықтар да болды: 
3 орын – 7 «В», 7 «Б»,7 «Е» хор ұжымдары 
2 орын – 7 «Ә» және 7 «Д» хор ұжымдары өзара бөлісті 
1 орын – 7 «Г» хор ұжымы 
Бас жүлде 7 «А» хор ұжымы
Құттықтаймыз! Тек биік белестерді бағындыра беріңдер дегіміз келеді!





Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное