Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Мен және менің Отаным Қазақстан»

2-желтоқсан күні №21 орта мектептің кітапханасында медиа-арт реңктерімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Мен және менің Отаным Қазақстан» атты іс-шара өтті.

         Бұл іс-шараға 7 «В» сынып оқушылары қатысты. Балалар суреттер көмегімен өздерінің сезімдерін білдірді. Олар үшін Отан нені білдіреді? Олар Отанның гүлденуі үшін не істеп жүр? Бұл іс-шараны мектептің кітапханашысы Н.К. Шармановамен бірге өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Л.С. Темирова да өткізді. Осы іс-шараның мақсаты: әр түрлі ұлт адамдарының  арасындағы достық қарым-қатынасты, салт-дәстүрді, патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілік пен сыйластықты тәрбиелеу. Тарихи және мәдени мұралар туралы тәрбиеленушілердің білімдерін толықтыру және нығайту.

         А. Алимжанов былай деді: «Өз Отанын ашу үшін, ең алдымен оны өз жүрегіңде ашуың керек». Біздің жүрегіміз әрқашанда ашық және онда бір ғана Отан бар-ол Қазақстан!

 

Орындаған: Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Темирова Л.С.



















Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное