Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«25 жыл: Бір ел. Бір тағдыр»

«25 жыл: Бір ел. Бір тағдыр»
«Мәңгілік Ел»  - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл армандары, сол армандарды ақиқатқа айналдыру, «Мәңгілік Елдің» болашағын баянды етуге жас ұрпақты патриотизм бағытымен тәрбиелеуге, Қазақ елінің өркендеп дамуына, тарихымызға құрметпен қарауға тәрбилеу мақсатында
7 желтоқсанда мектебімізде  «Мәңгілік ел» концепциясының үндесуі мен «Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы» және «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың 100 жылдығына» байланысты «25 жыл: Бір ел. Бір тағдыр» атты тақырыбында мектеп оқушылары арасында қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға қала мектептерінің оқушылары қатысты. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық шежіресі баяндалған көрмені көрсеткен оқушылар келген қонақтарға тың мәліметтер берді. Конференцияның ашылуы мерекелік концертпен басталды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай сахналанған көрініспен конференцияның  шымылдығы ашылды. Мектебіміздің өнерлі оқушылары келген қонақтарға әсем ән мың бұралған биін тарту етті.
 ҚР БҒМ  Мемлекет тарихы институтының жетекші қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Ерімбетова Құндызай Мырзаққызы,
 Астана қаласы БАҰО «Өрлеу» әдіскері,тарих және қоғамдық  академиясының Академигі. Дүйсебаева Мира Жолманқызы
Астана қаласы Білім басқармасының қоғамдық пәндер бөлімінің әдіскері Әмірғалиева Дайра Қайнемқызы,
С.Сейфуллин  атындағы Қазақ агротехникалық университеті, гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушысы   Канжил Шакирт мырза қатысып, оқушылардың жобаларын сараптап қазылық етті.
Конференция келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:
                                       1 секция.  «Ел таныған – Елбасы».
                                       2 секция.  «Еңсесі биік – Елорда».
                                       3 секция.  «Бабалар аманаты – Мәңгілік Ел».
 
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытындысы бойынша жүлделі І,ІІ,ІІІ орын Дипломмен, Алғыс хаттармен және әрбір қатысушы сертификатпен марапатталды. Жүлделі І  орындарға ие болған оқушылар, кубокпен марапатталды.Олар:
                   1 секция.  «Ел таныған – Елбасы». Сейтбек Дана №44 мектеп
Жетекшісі: Ескулова Арманай
                   2 секция.  «Еңсесі биік – Елорда». Болат Диана 
 Жетекшісі: Бимендин Болат Дусимбекұлы
                   3 секция.  «Бабалар аманаты – Мәңгілік Ел». Сайлау Аида  Жетекшісі: Байкушикова Лаура Урустемовна
Бейбіт өмірдің құшағында өсіп келе жатқан жас ұрпақ өз елінің нағыз патриоттары екенін көрсете алды. Еліміздің іргесі шайқалмай, Ел Тәуелсіздігі ғұмырлы болғай!











 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное