Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Бөлінген көшбасшылық арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіру

2 қараша күні «Бөлінген көшбасшылық арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіру» тақырыбында әдістемелік кеңес өтті.

1 деңгейлі мұғалім Назым Төкебаева «Кері байланыстың оқушының білім сапасын арттырудағы маңызы» туралы тренинг өткізді «Орындалған тапсырманың негізгі аспектілеріне қатысты сапалық ақпарат оқушылармен кері байланыс үшін қолданылу мүмкін екендігін ұмытпау керек. Мысалы, егер балаға оның белгілі деңгейге жеткендігін айтса, бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл үшін баламен бірлесіп ненің нәтижесінде мұндай баға алғандығын және бағалау өлшемдерін түсіндіріп, талдау жасаса, бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.» [1.28.] Осы идеяны басшылыққа ала отырып, №1 коучингтің тақырыбын «Мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыстың оқушы мотивациясын арттырудағы маңызы» деп таңдадым. Мақсаты: Оқу мен оқыту үрдісіндегі кері байланыстың оқушы мотивациясын арттырудағы маңыздылығын айқындау. 
Оқу нәтижесі: 
• Қатысушылар кері байланыс беру түрлерімен танысады; 
• Кері байланыс беру арқылы формативті бағалауды қолданады; 
• Сындарлы кері байланысты ажырата алады; 
• Нақты, жеңіл, ықпалды кері байланыс жасайды. 
Алдымен топқа бірігу мақсатында, күн, бұлт, жаңбыр, қар суреттері беріліп, рефлексия жасалды. «Ақпаратпен танысу» кезеңінде «инсерт» әдісі бойынша сындарлы кері байланыс туралы (V- білемін, ¬¬– білмеймін, + мен үшін жаңа, ?- сұрақ туды) осы рет бойынша жауап бере отырып, талқылау жүргізілді. Сындарлы кері байланыс туралы өз пікірлерімен бөлісті. «Жасырған затты табу» ойыны арқылы «кері байланыстың болмауы, сын айту, мадақтау, сындарлы кері байланыстың болуы» ситуацияларын рөльде ойнап көрсету тапсырмасы берілді. Ойын аяқталған соң, рөльде болған кезде өздерін қалай сезінгені туралы әсерімен бөлісті. Оқушыға қатысты нақты, жеңіл, ықпалды кері байланыс жасаудың маңыздылығы айтылды. Әр топтың жасаған постерлеріне кері байланыс жасады. 

.«Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді.» [1.28.] 
Осы мақсатта «Оқу үшін бағалау мен Оқуды бағалаудың тиімділігі» тақырыбында коучинг өткізілді. (қосымша 4) Коучинг мақсаты: Оқу мен оқыту үрдісіндегі «Оқу үшін бағалау мен Оқуды бағалаудың» маңыздылығын айқындау. 
Оқу нәтижесі: 
• бағалаудың түрлері: қалыптастырушы және жиынтық бағалау әдісімен танысады; 
• оқыту мен бағалау нәтижелері арасында байланысты біледі; 
• өз жұмысын өзі бағалау және өзін өзі жетілдіру жолдарын қарастырады; 
• кері байланыс беру арқылы бағалауды қолданады. 
«Қазіргі көңіл күйлеріңізді смайликтер арқылы қалай берер едіңіздер?» деген сұрақты қоя отырып, жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатында адамның әр түрлі көңіл күйлері суреттелген смайликтер арқылы топқа біріктірілді. Осы жасалған әрекеттердің әсерін ортаға салулары сұралды. Сол кезде мұғалімдер өз сыныптарындағы оқушылардың психологиялық жағдайларының, оқушылардың қарым-қатынасының оқу үдерісіне әсерінің маңыздылығын тәжірибелерінде онша ескере бермейтіндерін айтты. «Зейінді шоғырландыру» кезеңінде мұғалімдерге бағалау туралы бұрыннан не білетіндері туралы ойлануға уақыт беріліп, айтқан ойлары идеялар тақтасына жазылды. Алдымен «ББҮ» әдісі бойынша «Формативті» және «суммативті» бағалау туралы бұрыннан не білетіндері туралы сұралып, «Білемін» кестесін толтырды. Содан кейін «Не білгім келеді?» сұрағына жоғары деңгейдегі 2 сұрақты жазу тапсырылды. «Формативті» және «суммативті» бағалау туралы мәтінді оқуға нұсқау берілді. Оқып болған соң «Үйрендім» кестесін жеке толтырды. Практикалық кезеңде «Венн диаграмасы» арқылы формативті және суммативті бағалауды салыстырып, постер жасады. «Формативті» және «суммативті» бағалаудың ұқсастығы мен айырмашылығын түсінді. Зерттеу тақырыбымыз «кері байланыстың тиімділігі» болғандықтан, өнім кезінде көбелектің суретін салдырып, коуч өз тарапынан баға қойып шықты. Бұл бағалауға мұғалімдер өз келіспеушілігін білдірді. Жұмысты бағалау үшін не қажет екені сұралып, критерийлер ұсынылды.Ұсынылған критерий бойынша өз жұмыстарын қайта бағалады, өзара, топқа кері байланыс ұсынды. Қатысушыларға сұраққа рефлексия жасау тапсырылды.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное