Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Мәңгілік ел» концепциясының үндесуімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы

     Құндылығымен маңызды іс-шараға Астананың 50 астам мектептері,Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің ғалымдары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің «Алаш» ғылыми-зерттеу институты,Мемлекет тарихы институты,Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасы қатысты.Жоғарғы оқу орындарынан,мемлекеттік мәдени мекемелерден келген ғалымдар жасампаз жеткіншектерді қызықты да тың деректермен сусындатты.Астана мектептерінен келген 150 астам оқушы қауымы өздерінің бағыттары бойынша 4 секцияға бөлініп өз ғылыми жобаларын қорғады.Қуанарлығы,өте көп шығармашылық жұмыстар келіп, басында ұйғарылған үш бағытқа тағы бір бағыт қосып аталған тақырып кең көлемде,жан-жақты ашылып діттеген мақсатына жетті.Соның айғағы көптеген жеңімпаздар танымал болды.

    Оқушыларды қуантқаны әділқазылардың жастардың шығармаларын шынайы бағалауы. №74 мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімдері өз мақсаттарына жетті:1)Астана қаласының мектептерінің жартысынан астамы халқымыздың тарихында маңызды орын алған азаттық күрестің 100 жылдығына арналған атаулы жиынға белсенді қатысты,төл тарихтарын қадір тұтатыны айқындалды, 2)өткен тарихтан өнегелі тағылым алды, 3)ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтты,рухани бекіте түсті.

    Тарихшылардың Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту ретінде қолға алған игі істерінің жемісті мәреге жетуіне әкімшілік, мекеме басшысы Н.Т.Нүсіпжан өте белсенді қолдау көрсетіп жан-жақты көмектесті.Осы аталған іс-шараның басынан аяғына дейін атқарылуына тікелей атсалысқан тарих пәндерінің мұғалімдері Тұрсынбаева З.Қ және Какжанов А.А.Жас мамандар Мусаева Г. мен Аюпова Г үлкен үлес қосты.

   Тарихшылардың жақсы бір қасиеті-халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған атаулы кезеңдерді шығармашылық үрдіспен өздерінің күшімен атқаруы.Екінші бір қасиеті жалтақтамай,біреудің ығында кетпей,материалдық көмек сұрамай өзіндік жолымен жүрулері.

    

     


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное