Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Тұңғыш президент күніне арналған «Үздік сабақ», «Үздік педагог» байқауы

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені мамандарының қатысуымен мектебімізде 06 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Тұңғыш президент күніне арналған «Үздік сабақ», «Үздік педагог» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • Мұғалімдердің кәсіби беделін көтеру, оларды қолдау және көтермелеу;
  • Мұғалімдердің әлеуметтік және қоғамдық беделін жоғарлату;
  • Шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау;
  • Инновациялық педагогикалық білім беру саласының қызметтегі іс-әрекетін таратуға ықпал ету;
  • Жаңа педагогикалық ойдың құралымы.

«Үздік сабақ» байқауына 9 мұғалім қатысып, оз іс-тәжірибесімен бөліссе, Р.Жумабаева, Г.Нигметова, Г.Мусаевалар «Үздік педагог» байқауына қатысып, шығармашылық жұмыстарын таныстырды.

Қазылар алқасының құрамына Астана қаласының Білім басқармасы және «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенің «Мұражай педагогикасы» бөлімінің жетекшісі Мәлжанбай Азамат, жетекші мамандар Елкеева Индира Бекназаровна, Исақ Алуа Түгелбайқызы, Фаизова Еркежан Мадияровна болды.

   

   


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное