Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

 

 

Мақсаты: Жасөспірімдер мен балаларға зорлық-зомбылық болдырмау, қатігездіктің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жарқын өмір сүруге тәрбиелеу;

 

2016 жылдың 14-30 қараша аралығында жасөспірімдерге зорлық-зомбылықты болдырмау, қатігездіктің алдын алу мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты онкүндік өткізілді.

14 қараша күні мектепішілік лездемеде іс-шаралар жоспары ұстаздар ұжымына таныстырылды. Мақсаты мен міндеттері туралы мәліметтер беріліп, өткізілу нысаны мен іс-шара тақырыптарымен танысу жұмыстары жүргізілді.

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпарат бұрыштары жасалды. Ақпарат бұрышында зорлық-зомбылық түрлері, нысандары мен белгілері туралы түсінік беріліп, қауіпсіздік шаралары туралы хабарландырулар ілінді. «150» сенім телефоны жөнінде оқушылар мен ат-аналарға хабарламалар таратылды және мектеп сайтына салынды.

14-30 қараша аралығында мектебімізде «Бақытты балалық шақ» кітап көрмесі өткізілді. Кітапхана меңгерушісі Айсин Гүлжан балаларға арналған қызықты журалдар мен кітаптардан көрме жасап, әрбір сыныпты жеке шақырып, тақырыпқа байланысты дәріс сағатын оқыды. Салауатты өмір салтын насихаттауға, зияткерлік жарыстарға қатысуға бағыттайтын кітаптармен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Балалардың рухани дүниесін байытып қана қоймай, үлкен тәрбие мектебі «кітап» екендігі түсінідірілді.

Толығырақ >>


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное