Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы аясында жүргізілген іс-шаралар

2016-2017 оқу жылының 14-30 қараша аралығында балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару, балаларға қатыгездікпен қарауға теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы аясында Астана қаласы №49 орта мектебінде төмендегідей іс-шаралар атқарылды.

  1. 2016 жылдың 14-қараша күні 1-11 сыныптар арасында саптық жиында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында іс-шараның ашылуы өткізілді.

 2. 2016 жылдың 15-қараша күні мектеп кітапханасында 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Сен және Мен. Біз әлемді бірге өзгертеміз» тақырыбында бұрыш жасалып, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

                                                  

2016 жылдың 16-қараша күні 3-7 сыныптар арасында А.Жандарбектің ұйымдастыруымен «Біз бақытты отбасымыз!» тақырыбында суреттер көрмесі өткізілді.

                                      

  1. 2016 жылдың 17-қараша күні 8-10 сынып оқушылары аралығында мектеп психологы мен мектеп медбикесінің ұйымдастыруымен «Ерте отбасы құрудың жағымды, жағымсыз жақтары» тақырыбында дебат өткізілді, оқушылар қызығушылықпен қатысты, өзіндік пікірлерін тартысты түрде талқылады.
  2. 2016 жылдың 18-қараша күні З.Т. Муслимбекованың жауапкершілігі негізінде 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Ертегі әлеміне саяхат» тақырыбында құқықтық ойын өткізілді, оқушылар ертегілер кейіпкеріне сұрақтар қойып, бірге би билеп, өз өнерлерін көрсетті.
            

Қорытынды. 2016-2017 оқу жылының 14-30 қараша аралығында балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару, балаларға қатыгездікпен қарауға теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы аясында Астана қаласы №49 орта мектебінде жоспарланған барлық іс-шаралар атқарылды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное