Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

№ 21 орта мектебінде қарашаның 24 жұлдызында қалалық семинар өтті.Тақырыбы:«Егеменді болмай – ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмаc»

№ 21 орта мектебінде қарашаның 24 жұлдызында қалалық семинар өтті.Тақырыбы:«Егеменді болмай – ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмаc»

Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

 Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

  Бұл күні  басқа да пән мұғалімдері сабақ берді:орыс тілі мен орыс әдебиеті мұғалімі Котыртауова Р.Е физика мұғалімі Ибраева А.Ш.,тарих мұғалімі Сагимбаева Салтанат Жумагазиевна., қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абдрахманова Гүлден Тұяққызы .,Байбуллина Гүлмира Муратбекқызы сабақ берді .

Семинарды  мектеп психологы Рустимова Майра Абдухамитовна ашты.Келген  қонақтармен психологиялық  көңіл-күй ортасын қалыптастырды.

Семинарға  қала мектептерінің мұғалімдері және Білім басқармасынан қазақ тілі мен әдебиет бірлестігінің  жетекшісі Бақытгүл Насролақызы келді.Барлық мұғалімдер мақсаттарына жетті,келген қонақтарға сабақтар өте ұнады,көңілдерінен шықты .Өздерінің тілектерін айтты.Іс-шара ойдағыдай болды.Ойымды ұлы адамдардың сөздерімен аяқтаймын «Жұмыла көтерген  жүк  жеңіл» демекші барлығымыз бір адамдай ат салыстық,сондықтан мақсатымызға  жеттік.

                                                    ӘБ жетекшісі:Абдрахманова Г.Т.

















































































Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное