05.12.2016жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай
10 «А» сыныбында «Тәуелсіздік тұғыры биікте» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Сабақтың мақсаты: Балаларға тәуелсіздік туралы түсінік беру. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру,патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақты әнұранмен бастадық. Оқушылар тәуелсіздікке байланысты өлең шумақтарын айтып шықты.Қазақстан елі тәуелсіздікке қалай жеткені туралы әңгіме жүргізді.
Тәуелсіздігіміздің ең алғашқықастерлі нышандарының бірі –Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі. Ол 1986 жылғы сол кездегі жаңа алаңда бой көтерді. Бұл жер -1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің кіндігі болған алаң. Оқушылар өз ойларын жеткізе алды.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына бейне –клип көрсетілді. Онда оқушылар тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік. тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары байқады.Оқушылар көңіл бөліп ,тыңдады.
Мұғалім: біздің басты құндылығымыз-Тәуелсіздігіміз. Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып, қадірлей білгені абзал.
16 желтоқсан-Тәуесіздік алған күн,
Ерекше боп ел жадында қалған күн,
Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,
Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің.
Сынып жетекшісі: Джумабаева А.Т
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"