Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен гуманитарлық пәндерді байланыстыра оқытудың тиімділігі» атты мектепішілік семинар өтті.

      30 қараша күні  Астана қаласы №74 мектеп-гимназясында  «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен гуманитарлық пәндерді байланыстыра оқытудың тиімділігі» атты мектепішілік семинар өтті. Семинар барысында орта буын бойынша орыс тілі пәнінен Бақаева Қазима Тұрысбекқызы, Мұқашава Алтынай Сүлейменқызы, Ақырапбаев Нұрбол Болатбекұлы, Ибрагимова Шахноза Бабаханқызы; бастауыш сыныптар бойынша Әшірбаева Мөлдір Қасқырбайқызы, Сауан Гүлсара, Сахова Алтынай Өтегенқызы, Шәріпбекова Гүлайым Жүнісәліқызы, Жақыпбекова Әлия Жүнісқызы, Базарбаева Нұргүл Қалдыбекқызы, Мақұлбекова Бибігүл Жансейітқызы сабақтар өткізіп, қала мектептерінен келген мұғалімдермен тәжірибе алмасты.

    Сабақтарда әр түрлі пәндер мен бірнеше сыныптар қамтылды. Сабақ барысында оқушылардың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен  терең білім алып, өз ойларын жүйелі, еркін жеткізуі мен әр пәннің ғылыми тілінде сөйлеу дағдысының қалыптасуы семинарға қатысқан мұғалімдерді ризашылыққа бөледі. Орыс тілі пәні бойынша сабақ жоғарыда аталған мұғалімдердің  өздері жазып, баспадан шығарылған кешендерімен жүргізілді.

     Ақырапбаев Нұрбол Болатбекұлының деңгейлік курста меңгерген әдіс- тәсілдерін «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен үйлестіруі семинарға қатысушылар тарапынан қызығушылық тудырды. Ал, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – Ибрагимова Шахноза Бабаханқызы қазақ тілі мен ағылшын тілін «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша пәнаралық байланыста оқытуы әріптестеріне тілді меңгертудегі технологияның өзіндік ерекшелігін танытқандай болды.

     Бастауыш сыныптардағы өтілген сабақтар технологияның оқушылардың  оқуға, сөздік қорларын байытуға, өз ойларын еркін жеткізуге, яғни, бір сөзбен айтқанда балалардың білім алуға деген құлшынысын оята алатындығына көз жеткізді. Семинар өз мақсатына жетті.

    «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны меңгертумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар баланың жалпы жан-жақты дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған, қазақ тілінде ойлайтын, өз тілінде дітін орындата алатын, қазақ мәдениетін меңгерген тілдік-мәдени тұлға қалыптастыратын оқытудың түрі. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының басты қағидаларының  бірі – жоғары қиындықта оқыту.

 Бүгінгі таңда «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы мақсатты түрде республикамыздың бірнеше өңірінде тәжірибелік алаңдарда қолданылуда.

Атап айтар болсақ, Астана қаласының №8, №55 жалпы білім беретін орта мектептері, №4, №52, №74 мектеп-гимназиялары, №66 мектеп-лицейі және №71 «Мөлдір», №59 «Аққанат» балабақшалары, Алматы облысы, Талғар ауданының №11, №12 №15, №49 жалпы орта білім беретін  мектептері, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №47 жалпы орта білім беретін мектебі.Сырым ауданы Қ.Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі; Казталов ауданы Тереңкөл жалпы орта білім беретін мектебі.

 Мақсаты: Бастауыш сыныптардан бастап гуманитарлық пәндерді байланыстыра оқыта отырып оқушылардың сөздік қорын байыту, ұлттық құндылықтар арқылы таным көкжигін кеңейту.

Міндеттері:

  • Әр пәнді сатылап талдай оқыта отырып, сөйлеу дағдысын жетілдіру;
  • Пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, ізденіс жұмыстарына икемдеу;
  • Гуманитарлық пән мұғалімдері арасында әріптестік, шығармашылық орта қалыптастыру.

 Сатылай кешенді оқыту – оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, әр пәннің ғылыми мазмұны мен жүйесін, талдап үйретумен қатар ойын дұрыс жеткізуге, әдеби тілде сөйлеп үйренуге, ана тілінің  байлығын  бағалай білуге баулитын ұлттық төл технология. Ұлттық төл технология дейтін себебіміз: қазақ тілін оқытудан бастау алып, халқымыздың әдебиетін, тарихын, жағрафиясын т.б. пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, оларды өз елінде, өз жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту. Төл технологияны жасауға өзге елдің озық ой-пікірлерімен қатар Алаш арыстарының психология-педагогика, әдістеме саласындағы құнды ғылыми тұжырымдарымен қатар қазақ халқының көрнекті ғалымдарының оқыту, тәрбие туралы жасаған ғылыми еңбектері мен әдістемелік кешендері негіз етіп алынды

 

І БӨЛІМ- ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТІРКЕУ.      8.00-8.45

ІІ БӨЛІМ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР.     8.50-11.35

ІІІ БӨЛІМ-РЕФЛЕКСИЯ.                           11.40-12.15 

Мұғалімнің аты-жөні

Пәні

Тақырыбы

Сыны-

бы

Каб

Уақыты

Аширбаева М.К

Әдебиет

«Қазақстан»

2 «ә»

112

8.50-9.35

Сауан Г

Қазақ тілі

Лепті сөйлем

2 «ж»

102

8.50-9.35

Сахова А

Әдебиеттік оқу

«Қар» өлеңі

2 «г»

202

8.50-9.35

Бакаева К.Т.

Орыс тілі

Морфемный разбор

5 «б»

315

8.50-9.35

Шарипбекова К.Ж.

Математика

2+1=3 өрнегін сатылай кешенді талдау

2 «б»

203

9.50-10.35

Жакупбекова А.Ж

Қазақ тілі

Тұрлаусыз мүшелер (бекіту)

3 «в»

104

9.50-10.35

Акирапбаев Н.Б

Қазақ әдебиеті

Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері

6 «б»

303

9.50-10.35

Мукашева А.С.

Орыс тілі

Синтаксический разбор сложного предложения

7 «а»

313

9.50-10.35

Макулбекова Б.Ж

Математика

Натурал сандарды өлшем бірліктері бойынша сатылай кешенді талдау

3 «и»

102

10.50-11.35

Базарбаева Н.Қ

Дүниетану

Ауа

3 «г»

112

10.50-11.35

Ибрагимова Ш.

Ағылшын тілі

``Eating in Britain``

7 «а»

401

10.50-11.35

             

              

                                                  


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное