Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Қалалық семинар!

     2016 жылдың 30 қараша күні №64 мектеп-лицейде қала мектептері директорларының ғылыми-әдістемелік істер жөніндегі орынбасарлары мен мұғалімдерге  арналған «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқу үдересін зерделеудің табысты жолдары» атты қалалық семинар-практикум болып өтті.
    Қалалық семинарға қалалық Білім басқармасы ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі әдіскер Р.К.Каскабаева, жаратылыстану пәнінің әдіскері А.Т.Мендібаева,  «Ағылшын тілі мен 12 жылдық  білім беру жүйесін қолдану орталығы»  директордың  әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Н.К.Әзімбай  қатысты.

    Бейіналды дайындық және бейіндік оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану тәжірибесін тарату мақсатында өткен семинарда мектеп-лицей мұғалімдері Ә.С.Боранбаева (Ағылшын тіліндегі математика), Г.К.Мадиева (Жасушадағы зат алмасу), А.Озатұлы (Абай және Шәкәрім өлеңдеріне герменевтикалық талдау: «Жастықтың оты жалындап», «Өмір» өлеңдері бойынша), Ж.М.Ізәлі (Атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі), С.Р.Төреханов (Қашықтықтан басқарылатын ұшу апараттары), Д.Б.Киргизбаева (Сарамандық жұмыс: Еуразия), М.Ж.Утепова (Ескерткіштері еңселі Елорда), Қ.Қ.Жагипарова (Тапқыр болсаң, талас жоқ) өз тәжірибелерімен бөлісті.

   Семинарға қатысушылар рефлексия бөлімінде іс-тәжірибелерімен бөліскен ұстаздар мен семинарды ұйымдастырған мектеп әкімшілігіне ризашылығын білдірді. Семинарға,  ұстаздар еңбегіне деген ұсыныс-тілектерін айтып, топтық жұмыстар, психологиялық тренинг түрінде өткен соңғы бөлімде қорытынды жасалды. Семинар жұмысы жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.










































Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное