Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Дуальды оқыту – уақыт талабы

Кәсіптік білім берудегі дуальді оқыту жүйесінің негізі — болашақ жас маманды оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Сонымен қатар, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішін жоғарылату. Дуальды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды. Өйткені теория мен тәжірибені ұштастыру нәтижесінде, студент оқу бағдарламасын жақсы меңгеріп қана қоймай нағыз дайын маман болып, жұмыс берушілердің сұраныстарына, талаптарына сай колледжде кәсіптік-техникалық кадрлар даярлайтын болады. Дуальды оқыту әдісінің тағы бір ерекшелігі — еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады. 
Осы мақсатты жүзеге асыруда 2016 жылдың қыркүйегінен бастап колледжімізге «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығына дуальды оқыту жүйесі ендірілді. «Файн отель Туризм Ишлетмеджилик» АҚ, «Мол дастархан», «Жеті аспан», ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Бұл орайда студенттеріміз тәжірибе жүзінде терең білім алады. Алдағы уақытта аталған серіктес кәсіпорындармен жұмыс жасау барысында Қазақстанның еңбек нарығына қажетті кәсіби білікті мамандарды дайындау күтілуде.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное