Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Оқушылар «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданды

    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздіктің - 25 жылдық мерейтойы қарсаңында 30 қараша күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиыны өтті.
    «Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуметін жүзеге асыру болып табылады.
    «Жас Ұлан» қатарына – 172 оқушы қабылданды. Салтанатты жиын мектептің акт залында өтті. Салтанатты жиын басында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркін Тулбаканқызы сөз сөйлеп, мұғалімдерді, оқушыларды мерекелерімен құттықтады.
    "Жас Ұлан" балалар ұйымының қатарына қабылданған оқушылар өздерінің ұрандарымен анттарын айтып, әнұрандарын орындады.
    Болашақ «Жас Ұландарға» мектебіміздің ең белсенді, үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген үздік оқушылары, мектеп ұстаздары оқушыларға төс белгілерімен, галустуктарын тақты.
    Біз «Жас Ұлан» мүшелерін құттықтаймыз және Отанымыздың мақтанышы болуға, барлық істерінде өздерінің қатарластарына үлгі болуларына тілектеспіз!

 
     
 
     
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное