16 қаңтар 2014 жылы Астана қаласы №51 мектеп-гимназиясында технология пәні бойынша «Ұлттық қолөнер бұйымдарын жаңғырту,дамыту негізінде кәсіби шеберлікті арттыру» тақырыбында қала мектептеріне арналған семинар болып өтті.Семинарға қала мектептерінен 56 мұғалім қатысты.
Семинардың тақырыбы; «Ұлттық қолөнер бұйымдарын жаңғырту,дамыту және эстетикалық тәрбие беру»
Семинардың мақсаты: қолөнер арқылы эстетикалық тәрбие беру рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу.Іс-шара барысын Астана қаласының Білім басқармасының әдіскері Гулнара Габдушевна Ахметжанова өз жетекшілігіне алды.Семинардың алғашқы бөлімі қала технологтарының жас ұрпаққа білім беру жолындағы көкейкесті мәселелері мен қажеттіліктері жайлы ой бөлісуден басталды.
Мектеп директоры Дүйсенова К.С қалалық семинарды ашып құтықтады.
Іс шараның келесі бөлімінде ӘБ жетекшісі Жорабекова Қалипа Төртбайқызы «Қолөнер-мол өнер» атты көрмені таныстырудан бастай отырып, ұлттық қолөнер бұйымдарының ұмытылып бара жатқан, қазіргі кезде қолданыстан шыққан түрлері кесеқап, аяққап, сырмақ, құрақ құрау, ұлттық киімдердің жас ерекшеліктеріне қарай киілетін түрлері т.б таныстырды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"