Денешынықтыру сабағында
Қаңтардың 17-де 4 "А" сыныбында денешынықтыру пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақты жүргізген денешынықтыру пәнінің мұғалімі Батырбек Хапират.
Сабақтың тақырыбы: "Доппен қимыл - қозғалыс дағдыларына арналған ойындар түрі және баскетбол ойынының элементтері.
Оқушылар үйренуге міндетті: баскетболшының түруы, аяқты - аяққа тіркестіре қозғалуы, кедергілерден айналып допты оң, сол қолымен және екі қолымен кезектестіре еденнен серпе қозғалу, допты еденнен серпе алып жүгіру мен қозғалудан құрылған ойындар түрлері. Сабақта доптың қағып алу мен беру түрлері көрсетілді. Сабақ қызықты және белсенді түрде өтті. Оқушылардың сабаққа деген ынталары өте жақсы. Әр өтілген тапсырмалар оқушылар үшін тиімді болды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер