Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Қалалық дебаттық турнир

Атап айтқанда, бұл турнирдің ұйымдастырушылары -  №59 мектеп-лицейі және Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің жанындағы Қазақстан бойынша дебат және де басқа зияткерлік ойындар «Империя» мектебі

№59 мектеп-лицейінің пилоттық рухани-адамгершілік тәрбие  бағытында алғаш жүргізіліп отырған   іс-шара келесі мақсаты -  оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыра отырып, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту.

Турнирге қаланың көптеген мектептері қатысты: қазақ лигасында 13 команда ойнады, бұл №5, 15, 38, 55, 57, 59, 64 және «Зерде» мектебінің командалары; орыс лигасында 17 команда ойнады, бұл №4, 5, 6, 10, 14, 15, 30, 46, 53, 59 мектептерінің командалары. Команда ойындарының реті жеребе арқылы анықталды.

Қатысушылар қызу дебат кезеңдерінен өтіп, өз білімдері мен лидерлік қабілеттерін  ойын барысында ашып көрсете білді.  Резолюция тақырыптары бойынша ойын форматы Карл Поппердің саяси және құндылық форматы түрінде жүргізілді. Ойын нәтижесінде дебатерлердің негізгі ой-түйіні рухани-адамгершілік тәрбиенің қазіргі күндегі ақсап тұрғаны туралы айтылып, бұл бағытта арнайы бағдарламаларды келешекте дамытудың қажеттілігі туралы ұсыныстар жасалды. Бұл бағытта түрлі дәйектер мен аргументтерді дебатерлер дәлелді түрде келтіре білді.

Турниржұмысыөзмәресінежетті. Әржеңімпазкомандаөзжеңісінеәділеттідеқаталқазыларсынағынанөтіпжетті.                   

Қазақ  жәнеорыслигаларыныңнәтижелерікелесікестеденжақсыкөрінеді:

Қазақ  тілді лигасының жеңімпаздары:

Орын

Мектептер

1

«Зерде» мектебі

2

№15 мектеп-лицей

3

№38 мектеп-лицей


Орыс  тілді лигасының жеңімпаздары:

Орын

Мектептер

1

№ 6 мектеп-гимназия

2

№ 5 мектеп-гимназия

3

№ 6 мектеп-гимназия

Ең үздік спикерлер: Мырзағали А. - №15 мектеп-лицей және Шернияз  А. – «Зерде» мектебі. 

Турнир өз жұмысын сағат 9-00-де бастап, кешкі 19-30-да аяқтады.

№59 мектеп-лицейінің рухани-адамгершілік білім беру мен тәрбиелеу бағытында жұмыстарды жандандыру мақсатында өткізілген дебат ойыны нәтижелі аяқталды. Осы бағытта мектеп жоспарына сәйкес, орта буын оқушылар арасында үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) мектепішілік дебат ойыны өткізіледі. Мектеп оқушылар арасындағы дебат ойынына деген қызығушылықтары артып, келесі ойындарға белсене қатысуға дайындықтарын көрсетуде.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное