Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Тілдер мерекесі аясында өткен «Туған тілім- тірлігімнің айғағы» атты іс-шараның анықтамасы

   Қыркүйек айының 16-21 аралығында қазақ тілі,орыс тілі және ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің бастамасымен «Туған тілім- тірлігімнің айғағы» атты тілдер апталығы өткізілді.
    Бұл апталықты өткізудегі мақсат: жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру, патриоттық тәрбие беру, ойлау қабілетін дамыту, қазақ тілін құрметтеуге баулу, жалпы тілдерге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өріс қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу.
   Апталықтың алғашқы күні жоспарға сай белгіленген уақытта 2-қабатта, лездемеде үш тілде «Тілдер фестивалінің» ашылуы қазақ тілі пәні мұғалімі К.Ә.Дүйсенбаеваның жетекшілігімен өткізілді. Қазақтың ұлттық әндері шырқалып,күй шертілді. «Тілімді,тәңірім,қолдашы!» патриоттық әнімен лездеме жабылды.
     Қазаз тілі мұғалімі Разақова А.К 9-10 сыныптар арасында «Сөз мергені» сайысын өткізсе, ал К.Ә.Дүйсенбаева 5- -6 сыныптар арасында « Ана тілі Аруы» атты сайыс өткізді. Оқушылар жоғары деңгейдегі дайындықпен келген.
     Апталық орыс тілі пәні мұғалімі А.Б.Бекбаева мен ағылшын пәнінің мұғалімі өткізген әр түрлі ойын түрлерімен жалғасын тапты. Сынып жетекшілер «Тіл бар жерде өмір бар» аттысынып сағаттарын өткізді. 9-10-сыныптар аралығында дебат өтті.
     Ағылшын тілі мұғалімі Г.Н.Қайырбекованың бастамасымен «Jeopardy» 5-10-сыныптар арасында ағылшын тілін дамыту, сөздік қорларын байыту мақсатында ойындар өткізілді. «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты шығармашылық кешімен Тіл фестивалі жабылды.
     Жалпы апталықты жоғары дәрежеде өтті деп айтуға болады.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное