Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Жастар – еліміздің келешегі, ал білімді жастар – мемлекетіміздің жарқын болашағы!

«Мен еліммен біргемін» атты жастар форумы

«Мен еліммен біргемін» атты өткен оқушылар Форумы Мектеп Парламенті өткізген  жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде өзін- өзі тану балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыруға алып келетіні сөзсіз. Форумға қатысқан халықаралық «Атамекен» бағдарламасының авторы, Туран университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Мұхамедрахым Қыдырбайұлы Құрсабаев қатысып, оқушыларға жалынды сөз сөйлеп, кейін Парламент мүшелерімен кездесіп, әр алуан сұрақтарына жауап берді. Осы форумға қатысқан ұстаздардың ұстазы Оралғазы ағай мектеп парламенті қатарына салтанатты қабылдау рәсімінде  төсбелгісі мен көк алау байлап, қадірлі сөз сөйледі.

 «Мен еліммен біргемін»

 атты жастар форумы

Барысы:

1 .Фанфар

2 . Жүргізушілер (2 ұл)

3 .Ту кіреді

4 .Ән  ұран айтылады

5 .Өнер шашу «Латино» биі және «Вальс» биі

6 .Мектеп парламенті шығады

7 .Өздерін таныстыру

8 .Қонақтар эмблема тағу, сөз сөйлеу

9 .Ән шашу

“Мен еліммен біргемін!” форумына қатысушылардың үндеуі

Мектеп оқушылары!

Бүгінгі таңда мемлекетімізде жас­тар­дың өз қабілеттерін шың­дауға, шығармашылық әлеует­те­рін ашуға, қандай да бір ба­тыл бас­тамаларын жүзеге асы­руға барлық жағдай жасалған.

“Мен еліммен біргемін!”  форумына қатысу­шы­лар! Біз  №52 Мектеп-гимназиясының   Оқушылар парламенті  көтеріп отырған үндеуін қолдай отырып, осы бастама  біздің  жарқын болашағымызды одан әрі өркен­детуге және нығайтуға, басым  идеяларды  іске асыруға бағытталғандығын  мә­лімдейміз.

Тарихи маңызы зор оқиға – ел Тәуелсіздігі 22  жыл­ға қадам басты. Бұл ай­тулы бе­лес біздің ұрпаққа үл­кен жауап­кер­шіліктер жүк­тейді.

Біз - мемлекеттік тілді одан әрі дамытуды, бай мәдени мұ­ра­мыз бен  салт-дәстүрлерін сақтауды жақ­таймыз.

Біз - әлемнің озық елдерінің стан­дарттарына сәйкес жаңа білім­дерді игеріп, алған білімі­мізді Қа­зақстанның жедел  дамуы үшін пай­далануға тиіспіз

Біз  - жаңа идеяларды жүзеге асырып, әрдайым өміршең іс­тер­дің бастауында тұратын боламыз.

Біз  - еліміздің басты игі­лік­терін –  татулық пен бірлікті сақтап, қорғайтын боламыз

Біздің «толық» тәрбиеміз,  сапалы  біліміміз, шығармашылық күш-қай­ра­тымыз бен болашаққа сеніміміз тәуелсіз Қазақстанның да­муына бағыт­та­латын болады!

Мектеп оқушылары! Сіздерді  біздің бас­тамаларымызды қолдауға және олар­ды іске асыруға бел­сене ат­салысуға шақырамыз.

Барлық күш-жігерімізді  ортақ Ота­нымыз – Қазақ елінің өркендеуіне жұмсайық!



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное