Өскелең ұрпаққты үлкеннің алдын кесіп өтпеуге үйрету, құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында мектептің 8 сыныптары арасында мектеп мұғалімі Г.Б.Сыздықова ұйымдастыруымен «Тоқта, балам, атаң келеді артыңда!» Тақырыбымен сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шарағашараға Мустафин Сабыржан Капышұлы, Махметова Дәметкен Падишақызы, Роза Зейденқызы сынды қариялар шақырылды. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Оқушылардың бойларына тағылым ұялатын өнегелі ғұмырларынан қарияларымыз әңгімелепберді. Іс-шара мазмұны қарттық шақтың өзіндік қастерлілігін жеткізетін ақын өлеңдерімен, ән мен күймен ажарлана түсті.
Сондай-ақ мектептің 1 - 11 сыныптарында «Қариясы бар ел-қазынасы бар ел» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Барлық сынып сағаттарында да ұрпақ бойына үлкенді сыйлау, құрметпен қарау сөз болды.Оқушылардың ата-әжелері сынып сағаттарына қатысты, ұрпақтарына тілектерін жеткізді.
Мектеп «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы оқушылары мектеп оқушылары ұжымының атынан қарттарымыз Роза Зейденқызы, Райса Нұғыманқызы, Гүлсім Исамбекқызына сыйлықттарын тарту етті.
«Тоқта, балам, атаң келеді артыңда!» Іс-шарасынан
«Тоқта, балам, атаң келеді артыңда!» Сыныптан тыс іс-шарасынан
«Тоқта, балам, атаң келеді артыңда!» Іс-шарасынан
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"