Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

31.08.13 «ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ..........»

Биылғы жаңа оқу жылында  мектеп ұжымына келіп қосылған жас мамандар осының айғағы.
Мектебімізде жас мамандарды ұжыммен таныстыру, бағыт-бағдар беру мақсатында оларды қабылдау рәсімі салтанатты жағдайда  өтті.  Осы орайда мектеп директоры Умарова Алма Қайрбулатқызы  жас мамандарды құттықтап, алдағы қиын да қызықты еңбек жолдарына табыс тіледі. Ұстаздар қауымы атынан «Жас маман» мектебінің жетекшісі, математика пәні мұғалімі  Мукашева Сабираш апай  ізгі тілегін білдіріп, қолдау көрсетуге дайын екенін  жеткізді.
Жиын соңында жас мамандар атынан Садық Балжан Бахтиярқызы  сөз сөйлеп, артылған сенім мен үмітті ақтап,  жақсы маман боламыз деп ағынан жарылды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное