Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Шығармашыл ұстаздар асыға күтіп жүретін қала мұғалімдері арасындағы «Инновациялық идеялар фестивалі» өз мәресіне жетті. Аталмыш фестиваль жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. «Инновациялық идеялар фестивалі» өткізілу тарихы бойынша біздің мектеп үшін табысқа жеңіске толы. Олай дейтініміз әр қатысқан жылы мектеп қоржыны жүлделі орындармен толықтырып отыратын. Оған себеп мұғалімдердің қажырлы еңбегі, шығармашылық ізденістері. Биылғы жылы да аталмыш жарысқа қатысушы мұғалімдер ниет білдіріп, өз жұмыстарын ұсынған болатын. Фестиваль қорытындысы бойынша конкурсқа түскен үш ұстазымыз да жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, білім саласындағы өздерінің инновациялық идеяларымен барған Тердікбай Күшай математика пәні бойынша 1-орын, Соңғыбай Типан 3-орын, қазақ тілі пәнінен Әлия Жәнібекқызы 3-орынды иеленді. Ұстаздарымыздың еңбегі жанып, шығармашылық шыңнан көрінді.     Осындай ұлағатты да шығармашыл ұстаздар бар оқушылардың да алар асуы жоғары болатынына сеніммен қараймыз. Жеңімпаз ұстаздарымыздың еңбектеріне жеміс, отбасыларына амандық тілейміз.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное