««40- жылдары қаһармандар әскери адамдар,
60-жылдары комонавтар болды,
ал біздің кезде бұлар сапа
бойынша мамандар»
А. Фейгенбаум
№3 мектеп-гимназия базасында «Биоинформатика и синергетика» (БиС) жобасын енгізу мен іске асыру бойынша технопарк ашылды.
Білім беру сапасын басқарудың бірегей білім беру технологиясының авторы –педагогика ғылымдарының кандидаты, «Сапа және білім» Қоғамдық қорының президенті, Нұрсұлтан Назарбаев Білім беру қорының кеңесшісі Вассерман Федор Яковлевич болып табылады. 2013 жылдың қарашасында Ф.Я. Вассерман мектеп педагогтарымен уйретуші семинар өткізді, семинар барысында мұғалімдер білім беру сапасын басқару технологиясын енгізудің қадамдарын меңгерді.
«Биоинформатика және синергетика» жаңа технологиясы оқушылардың ойлау жылдамдығын, есте сақтау қабілетін, сөздік қорын, оқушылардың жетекшілік (лидерлік) қасиетін дамытуға мүмкіндік береді. «БжС» 1999 жылдан бастап жетілдірілуде және бүгінгі күнде бұл ТМД аумағындағы сапа басқару бойынша жалғыз және ең үздік жүйе. Ең алдымен ол жай бұқаралық мектептерде оқушыларды алдын ала іріктеусіз, нақты және елеулі нәтиже береді.
Технология мұғалім, оқушы және мектеп үшін әзірленген. Технологияның басты құпиясы – мұғалімнің қамын ойлау, оның шаршауы – бұл сапақтың сапасының тікелей төмендеуі. Бұл мәселені шешу оңай емес, бірақ «БжС» технологиясы бойынша жұмыс істеп, шешуге болады.
Біріншіден: сабақ жоспарлауды едәуір жеңілдетеді. Әр сабаққа күннен күнге, жылдан жылға бітпейтін жоспарды жазудың қажеті жоқ: технология атауын, технологиялық картаны, ОҚЖТ мен тренажерды атаса болғаны. Болды! «БжС» технология шегінде әзірленген әдістемелік құралды (технологиялық карталар мен мазмұн стандарты), сіз сабақ жоспарлаудың құралы ретінде көрсете аласыз – оларды ҚР БҒМ мен ББҰБРИ қолдануға ұсынған;
Екіншіден: мұғалім ештене әзірлеу тиісті емес, ешқандай қосымша материалдардың керегі жоқ. Сонымен қоса - бұл технология талаптары бойынша тыйым салынады.
Үшіншіден: ҚР МББС базасында барлық пәндер бойынша мұғалімдер үшін мазмұн стандарты дайындалған.
Технологияны қолдану білім беру сапасын екі есе және одан одан да коп дамытуға, оқушылардың даму сапасын бірнешеге көтеруге мүмкіндік береді. Әр сабақта білім беру сапасының көрсеткіші 63% төмен емес. Әр баланың сабаққа қатысуы. Өлшеу мен бағалау мұғалімге байланысты емес. Тәрбие жолы мен дамуы бір-бірімен тығыз байланысты және ISO 9000 қазіргі заманғы сапа менеджменті стандартының талабы негізінде құрастырылған және мектеп оқушыларының 70% бастап қатысатын, оқушылардың сапа қызметін ұйымдастыру мен жұмысы немесе оқушыларды өзіндік басқаруын құрастыруды өзіне енгізеді.
ОСҚ негізінде «Менеджерлер мектебі» жалпы атауымен оқушыларға басқару дағдыларын бейінді үйретуі жатыр. Күнделікті сабақта 5-7 астам баладан сабақ сұрап және баға қоюға болады. Технологиялық карта бойынша жұмыс істегенде сыныпта әр бала, әр сабақта жұмыс істейді. Ф.Я. Вассерман есептеуі бойынша күнделікті сабақ сапасы 10% аспайды, «БжС» технологиясын енгізу нәтижесі 5 рет жоғары.
Бағалардың топтасуы оңай шешіледі: егер бүгін оқушы бес алса, ол ештенені білдірмейді, ол ертен тағы жауап беруі тиіс болады және баға үшін күресуі қажет. Жетістік үшін күрес, өмірдегі сияқты. Ешкім сабақта бос отырмайды, барлығы жұмыс жасайды, жауап береді және барлығына қызықты. Технология бойынша әр сабақты ашық сабақ ретінде санауға және кез келген аудиторияда мақтанышпен көрсетуге болады.
Сабаққа дайындық 5-10 минут уақытты алады. Тәжірибеде көрсетілген, мектеп аттестациясы кезінде, әртүрлі тексерістер мен емтихандарда технология бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер әрқашан тексерушілердің жоғары бағасын алады. Технологияны меңгерген, әр мамандық оқытушысы, тұрақты жоғары нәтиже көрсетеді. Біздің мектептердегі білім сапасының өсуі жылына 30%-дан бастап жылдамдықпен өсуде.
Оқушыларға технология бойынша жұмыс істеген ұнайды, олар пән бойынша жақсы оқып қана қоймайды, сонымен қоса дұрыс және тез оқиды, есте сақтайды, ойлайды, ойды дамытады және мұғалімді түсінеді. Берілген технология қазақстандық оқулықтармен сәйкестендірілген, басқа оқытудың кез келген альтернативті жүйесіне көшуден қарағанда, оның енгізілуіне аз материалды шығынды талап етеді, Қазақстан Республикасының білім беру стандартына толық сәйкес келеді. Мұғалім: қашан және қандай технологиялық картаны пайдаланатынын, оқушылардың ауызекі тілін дамытуға арналған тренажер-сабақ бола ма, мідеттерін анықтай ма немесе ауызша сабақ бола ма өзі шешеді. Сонымен қоса мұғалім өзінің дидактикалық материалдарын өзі құра алады (технологияда оны ОҚЖТ деп аталынады), тек қана олар технологияның әдістемелік талаптарына бағынса болды.
Технологиялық карта бойынша жұмыс істеуде оқушылардың шектес пәндер бойынша білімдерінде кемшіліктер тез анықталады. Осылай, «Логика» картасы бойынша физика сабағын өткізуде, өткен тақырыпты диагностикалау мен бекіту мақсатында алгебра мен геометрия, химия бойынша білімдерінде жеткіліксіздік пен кемшіліктер анықталады.
Технология авторына тиістісін беру қажет – мұғалімдер мен оқушылардың барлық қадамы жан-жақты жазылған, егжей-тегжейіне дейін барлығы ойластырылған: жұмыс түрі, бағалау жүйесі, балаларға берілетін артықшылық бонустары, оқушылардың өзара қолдау көрсетуі. Тіпті мұдай, сыныптың биоуақыты сияқты ұғымы бар. Технология бойынша өткізілген сабақтарда үздіктіктер білімінің үстірттілігі, жаттандылығы байқалады, ортанғы деп аталатындар керсінше стандартсыздық жағдайда ойлау ептігін көрсетеді.
Яғни, «БжС» технологиясы бойынша сабақтарда формальды білімдер міндетті түрде нақты еп пен дағдыға өзгертілуі тиіс! Технологияда оқыту үдерісінен басқа, сонымен қоса технологиялық карта негізінде расында да барлық оқушыларды оқуға қызықтыратын және ата-аналар қолдайтын оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудың бірегей жүйесі жасалды.
Оқушылар мектепті: «Біздің екінші үйіміз» және «Ұжымдық ақыл-парасат» деп атайды. «БжС» технологиясы оқытудың кешенді үдерісіне келеді, оқытумен қоса тәрбиені де қамтиды, алғашқы уақытта өзімен қиындықтарды ала келуі мүмкін.
Бірақ, ортақ мақсаты бола тұра биоинформатика мен синергетика арқылы тәрбиелеу мен оқыту, бұл екі үдеріс бір жалпы қорытындыға келеді – өзгеріп отыратын әлемдегі экономикалық және әлеуметтік орнын таба алатын, бәсекеге қабілетті, сабырлы және жан-жақты дамыған тұлға алу. Сыныпты жаңа жүйеге ерте көшірсе, оқушылардың және мұғалімнің өзінің бейімделуі жайлы өтеді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"