ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ЕРЛІК САБАҒЫ

12 желтоқсан күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде Тәуелсіздік күні қарсаңында «Айбын» президенттік полкының офицерлерімен кездесу өткізілді. 8-9 сынып оқушылары қатысқан бұл кездесу барысында «Айбын» президенттік полкының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қамбар Қинаятұлы жас ұрпақтың Отан алдындағы борышы, патриоттық сезім мен адалдық, ата-анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет тақырыбы аясында сөз қозғап, оқушыларды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Полк офицерлері өздерінен кейінгі өсіп келе жатқан іні-қарындастарына ағалық ақыл айта отырып, шығармашылық өнерлерімен бөлісті. Кездесу қорытындысында 9-сынып оқушысы Ислам Баимбетовке «болашақ ел қорғаны бол» деген ниетпен фурашка сыйға тартып, мектеп кітапханасына «Айбын жаршысы» журналын естелікке қалдырды.

8-сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейі ұйымдастырған «Алтын адам - Тәуелсіз Қазақстанның символы» атты республикалық ең үздік эссе байқауына қатысушы 7 - сынып оқушысы Кеңесбек Мирасты ІІІ орын жүлдегері атануымен шын жүректен құттықтаймыз! Байқауға дайындаған тарих пәнінің мұғалімі Ажикабулова Айназ Утебаевнаға Алғыс айтамыз!

№65 мектеп-гимназиясында желтоқсанның 12 күні «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдаудың салтанатты жиыны болып өтті. Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттыққа, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлыққа баулу, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті жетілдіріп, қазақ тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуметін қалыптастыру. «Жас Ұлан» ұйымына 5-ші сынып оқушылары арасынан «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған 45 оқу үздіктері қабылданды.
11.12 күні Нұр-Сұлтан қаласында "Өрлеу" білікті арттыру ұлттық орталығында "Педагогикалық идеялар панорамасы-2019" республикалық байқауының марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқаудан менде құралақан қалмадым. Республикалық кезеңге қатысқаны үшін Алғыс хат алдым. Өте қуаныштымын осындай көлемді, мұғалімге көп тәжірибе беретін сайысқа қатысқаныма
12-желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласы, #49 орта мектебінде "Критериалды бағалау - тиімді оқытудың негізгі құралы" тақырыбында кластер мектептердің бірлескен қалалық семинары өтті. Семинар барысында #8, #42, #49, #61 және #64 мектептердің 16 ұстазы әр түрлі пәндерден сабақтар өткізіп, тағы бірнеше ұстаздар қауымы коучингтер мен шебер сыныптар ұйымдастырып өткізді.
№52 мектеп-гимназиясының акт залында «Қазақтың басына қонған бақ» тақырыбында ақын А.Құнанабаевтың 175 жылдығы мен ҚР Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған Абайдың өнегелі өмірі, ақынның даналығы, рухани асыл мұралары
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны