Бастауыш сынып бірлестігінің екінші күні Тілдер күніне орай «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» деп аталды. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға ,сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулуға тәрбиелеу мақсатында әр сыныптарда тілдің құдіреттілігін сезінуге арналған сайыстар ұйымдастырылды. 1- сыныптар арасында «Өнер алды-қызыл тіл» мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысты Қайырбекова С.Рахимжанова Р.Б ұйымдастырды. Оқушылар екпінді дұрыс қоя біліп, дауыс мәнерін меңгерту мақсатында өткен сайыс тартысты өтті. Топ жарып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар марапатталды.2 сыныптар арасында «мың бір мақал» атты сайысты Қуатова Б.Н.,Беркімбаева К ұйымдастырды. Оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге тәрбиелеу мақсатында өткен сайыс тартымды өтті.3- сыныптар бойынша сахналық қойылым болды. 3- сынып жетекшілері Арыстанова Қ.А., Туребекова Е.С.,Ерғалиева А ұйымдастырған сахналық қойылымға барлық сыныптар ат салысты.Оқушылардың сахналық өзін ұстауы, рөлге бар жан-тәнімен кіріп ойнауы қойылымды қызықты, тартымды етті.4сыныптар арасында «Тіл -татулықтың тірегі» атты командалық сайыс өтті.Шайбекова С.А., Жуламанова Т ұйымдастырған сайыс қызықты өтті. Қазіргі қазақ тілінің дәрежесін көтеру, дұрыс, анық сөйлеуге, өз ойын толық жеткізе білу мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада топ жарған командалар болды. Үздік деп танылған топ марапатталды.

Ата-аналар тәрбие сағатын өткізді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздіктің ұраны – ел мен халық. Өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек.

Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы - дені сау ұрпақтың қолында, екендігін де естен шығармаған жөн. Әрине болашақ ұрпақтың, яғни балалардың денсаулығы біз үшін бірінші орында тұрады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деп дана халқымыз тектен-текке айтпаған. Адам – өз өмірінің суретшісі, денсаулығының сақшысы. Денсаулық – теңдесіз байлық. Оны ешқандай дүниемен алмастыруға болмайды. Сондықтан денсаулығымызды күту – біздің ең бірінші міндетіміз.

Осыны негізге ала отырып, бүгін 2019 жылдың 13 желтоқсан күні «Денсаулық» тақырыбында 8Е сыныбының аналары мектепте тәрбие сағатын өткізді. Мақсат: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екендігін түсіндіру; балаларды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Тәрбие сағатының екінші қыры да бар. Бұл «Ата - ана, оқушы, мұғалім» үштік одағының ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту. Оқушы мен ата - ана, мұғалім арасындағы қарым – қатынасты нығайту, бір бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру.

Тәуелсіздігіміздің жалғасы - бүгінгі балаларымыздың дені сау болсын, жұртымыз аман болсын!

8Е сыныбының жетекшісі: Алдажар Гүлжан Жиениқызы

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
«Абайлаңыз балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.
11 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№78 мектеп-гимназия" КММ -де Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына арналған "Поэзия Падишасы" атты еске алу поэтикалық, әдеби -сазды кеші өтті. Кешке Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы мектептерінің оқушылары арасында Фариза Оңғарсынованың жарқын бейнесін дәріптеу, поэтикалық шығармаларын насихаттау мақсатында өлеңдері оқылып, ақынның сөзіне жазылған әндері орындалды.
Еліміздің Тәуелсіздік жолында күрескен, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының қызыметі мен халқы үшін жасаған еңбектерін насихаттау мақсатында "Тарихты жазған, тарихта қалған тарланбоз" тақырыбында Смағұл Сәдуақасұлын зерттеген ғалымдар Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор "Құрмет" орденінің иегері Дихан Қамзабекұлы және Қазақстандық тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, алаштанушы Мәмбет Құлжабайұлымен кездесу өтті. Кездесу соңы "Тарих толғаулары" атты мерекелік концертпен жалғасты.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны