Меню KDT

Новости

Главная Новости

15.12.2019

“Бастауын буында Тәуелсіз Қазақстан күні”

“Бастауын буында Тәуелсіз Қазақстан күні”

2019 жылдың 12 желтоқсанында бастауыш буында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерттер өтті. Дәстүр бойынша мереке Қазақстан Республикасының Ұлттық әнұраның орындауымен ашылды. Концерттік бағдарламаларға өлең оқу, вокалдық нөмірлер, хореографиялық қойылымдар кірді. Балалар қазақ және орыс тілдерінде өлеңдерді жатқа айтып, туған Қазақстан туралы әндер орындады.

15.12.2019

Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын

Алтын - ұя 31 мектебінде Тәуелсіздіктің жиырма сегіз жылдығына орай «Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын» іс -шара өткізілді. Оқушыларымыз белсенді қатыса отыра еліміздің болашағы жастардын қолында екенін ұғынды. Тәуелсіздік күні  құтты болсын.

14.12.2019

"Тәуелсіз ел- сандық технология"

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тарих пәні мұғалімі Ахметова Гулмира Мухитбекқызы 7 сынып оқушылары арасында "Тәуелсіз ел- сандық технология" тақырыбы бойынша пікір талас өткізді. Пікір талас алаңы өте тартысты болып, тақырып қызу талқыға салынды. Себебі сандық технологияның алғашқы қадамы мектеп оқушыларынан басталады. Бірі еліміздің әлемдік деңгейде қарыштап дамуы үшін акпараттық сандық технология керек десе, екінші топ техниканың адам өміріне араласуы адамгершілік құндылықтарды жойып жіберу қатеріне әкеліп соғатынын басып айтты. Әр топ өз ойлары бойынша саралы тұжырым жасады. Көптеген мәселе қозғалды. Ендігі таңдау болашақ жастардың өз қолында...

14.12.2019

"Ғимараттар үлгісі" көрмесі

Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде.
Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа,
Тәуелсіздік әр сәбидің үнінде.
Тәуелсіздік әр қазақтың жанында

Мемлекетіміздің қастерлі мерекесі тәуелсіздік күніне орай мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімдері оқушылармен бірлесе "Ғимараттар үлгісі" көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрменің мақсаты оқушылардың қиялын шығармашылығымен ұштастыру. Идеяны жүзеге асыру. Нәтижесі көңіл толарлықтай болды. Оқушылардың бірі дайын ғимарат үлгісін салса, енді бірі болашақ елмізден көргісі келетін қайталанбас архитектуралық нысандар жасаған. Жұмыстар бағаланып, оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.

14.12.2019

«Тәуелсіздік – тұғырым»

№65 мектеп-гимназиясында желтоқсанның 13 күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған " Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік " атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты – оқушыларға еліміздің өз тәуелсіздігін алу жолы мен осы егемендік туы астында жеткен жетістіктермен таныстыру, алдағы уақытқа қойылып отырған мақсаттар мен міндеттер жайлы ақпарат бере отырып, жасөспірімдерді отанын сүюге тәрбиелеу болып табылады. Сондай-ақ 1-11 сыныптар арасында бірыңғай сынып сағаттары өткізілсе, бастауыш сынып оқушылары арасында сурет сайысы, 5-11 сыныптар үшін көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар №1 балалар музыкалық мектебі филиалының ұстаздары Абдрахманова А.Т., Сыздыкбаева А.М. «Тәуелсіздік Тұғырым» атты іс-шара өткізді.

13.12.2019

ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК!

ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК!

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде осы өлең жолдарымен басталған салтанатты шараға мектептің педагогикалық ұжымы, ата-аналар мен оқушылар қатысты. Алғашқы сөзді мектеп-лицей директоры Алмагүл Тлектесқызы алып, басты мемлекеттік мерекемен құттықтап, мереке қарсаңында «білім беру мен тәрбие саласына қосқан үлесі» үшін марапаттау жасады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған ұстазымыз Аушахманова Амантай Тулегеновнаны бүгінгі марапатымен құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі. Салтанатты шара оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен дайындалған мерекелік концертке ұласып, ән орындалып, жыр шашылды, күй тартыс арқылы елдің басты құндылығы дәріптелді. Кеш «Қазақстан» әнімен қорытындыланып, мектеп жастары ән жолдады.

13.12.2019

Тәуелсіздік мерекесіне орай 13 желтоқсан күні біздің мектепте 6 – сынып оқушылар арасында «Тәуелсіздік – Тәңір сыйы» атты өлеңдер оқу сайысы өтті.

Тәуелсіздік мерекесіне орай 13 желтоқсан күні  біздің мектепте  6 – сынып оқушылар арасында «Тәуелсіздік – Тәңір сыйы» атты өлеңдер оқу сайысы  өтті.

Шара барысында оқушылар  қазақтың белгілі ақындары Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев сияқты және т.б. ақындардың өлеңдерін нақышына келтіре жатқа оқыды.

Шараның мақсаты: оқушыларды қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларымен таныстыру, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін  қалыптастыру; білімдерін тереңдету; заманауи қоғамдағы ұлттық құндылықтардың маңызы мен рөлін түсіндіру.

Сайысқа қазақ және орыс сыныптары қатысты. 6 «С» сыныбы тақырыпқа сай керемет көрініс көрсетті. Оқушыларды дайындаған дарынды ұстаз Қыдырмолаева Б.Т.

6 «В» сынып оқушысы Дюльгер Элиф өзі шығарған өлеңін оқып берді.

Ал 6 «А», 6 «М» сынып оқушылары Эль-Шарави Дана, Сазонова Наталья өлеңді мемлекеттік тілде мәнерлеп оқыды.

Өлең оқыған оқушыларды бағалау үшін әділ-қазылар алқасы жұмыс жасады. Сайыс барысында өлең оқуға қатысқан оқушылар ішінде ең жақсылары таңдап алынды.

1-ші орын      Абылай Дария(6 «»), Стоева София (6 «Е»)

2 – ші орын   Ергеш Аяулым (6 «Ә») , Ермаганбетова Ангелина (6 «Б»),   Дюльгер Элиф (6 «В»), Билялова Амира (6 «З»)

3 – ші орын  Ғазиз Арайлан (6«Т»), Курмангалиева Амина (6 «Т»), Эль-Шарави Дана (6 «А»).
Мереке балаларға өте ұнады. Оқушылар  арасында осындай шараларды жиі өткізудің маңыздылығы атап өтілді. Мерекелік сайысты дайындаған ұстаздарға да  Масугутова С.А., Баяхметова Д.Ж алғысымызды білдіреміз.

13.12.2019

«Árbіr bala bіr juldyz, jarqyraýyna járdem ber»

Elbasymyz N.Nazarbaevtyń 100 mektep baǵdarlamasy aıasynda salynyp otyrǵan №68 mektep –gımnazııasy bastaýysh bіlіm berý ordasynyń Táýelsіzdіk kúnіne oraı ashylý saltanaty óttі.

13.12.2019

Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығы қарсаңында 13 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласы, №64 мектеп-лицейінде «64-те қонақта» жобасы аясында белгілі ақын Саят Әбеновпен кездесу кеші өтті

Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығы қарсаңында 13 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласы , №64 мектеп-лицейінде «64-те қонақта» жобасы аясында белгілі ақын Саят Әбеновпен кездесу кеші өтті. Кеш барысында оқушылар ақын ағаларына сұрақ қойып, пікір алмасты. Ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, арнау өлеңдер оқылды. Бұл кездесу кешіне торғайлық ақын өзінің шәкірттері «Торғай KZ» тобын ерте келген екен. Шәкірттерімен ойын ойнап,түрлі қызықты сұрақтарға жауап берді. Бүгінгі кештің басты мақсаты өнер әлемінде орны бар тұлғалардың өмір жолын, шығармашылық жетістіктерін оқушыларға насихаттау болып табылады. Кездесу кешінен оқушылар да, келген қонақтар да керемет әсер алып нағыз әдеби-сазды кештің куәсы болды.

13.12.2019

Бастауыш сынып бірлестігінің ашылуы!

Апталықтың бірінші күні- математика күнімен басталды. 1 сыныптар арасында  « Фигуралар елінде » тақырыбында сайыс өткізілді. Бұл сайысты 1 сыныптар мұғалімдері Рахимжанова Р.Б,Серкебай М.К., Бағдатова М.А ұйымдастырды. Әр сыныптан екі оқушыдан құралатын топ геометриялық фигуралармен әртүрлі  суреттер құрастырды. Жасалған аппликациялық жұмыстарынан көрме жасақталды.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны