Меню KDT

Новости

Главная Новости

20.02.2020

«Үздік гид- экскурсовод»

20.02.2020 жылы. Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Рухани Жаңғыру»  бағдарламасының  шеңберінде оқушылар арасында  «Үздік гид- экскурсовод» қалалық конкурсында II- орын алғаны үшін № 29 орта мектеп оқушысы Төкен Нұржан  және жетекшісі Садманова Индира Сансызбайқызы дипломмен,бағалы сыйлықпен марапатталды.

20.02.2020

9 "Ә" сынып оқушылары тәлімгер Хамитова Ф. Ә. бірге Қазақ Ұлттық Заң Университетінде өткен (КазГЮУ) "ADAL URPAQ" мүшелерінің кездесуіне қатысты.

9 "Ә" сынып оқушылары тәлімгер Хамитова Ф. Ә. бірге Қазақ Ұлттық Заң Университетінде өткен (КазГЮУ) "ADAL URPAQ" мүшелерінің кездесуіне қатысты.

20.02.2020

4-сынып оқушыларының арасында 2020 жылдың 20 ақпанында «Абай- қазақтың ұлы ақыны» тақырыбында екі кезеңнен тұратын эсселер сайысы өткізілді

Ұлы Абай мұрасын елімізде кеңінен насихаттау мақсатында,  Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арнап №60 мектеп-лицейінде тәлім алып жатқан  4-сынып оқушыларының арасында 2020 жылдың 20 ақпанында «Абай- қазақтың ұлы ақыны» тақырыбында екі кезеңнен  тұратын эсселер сайысы өткізілді. Сайыстың:

бірінші кезеңі сыныпішілік;

екінші кезеңі мектепішілік деңгейде өтті.

Сайыстың басты көздеген мақсаты тәлім алушы шәкірттердің қазақ  жазба әдебиетінің төрінен орын алған ойшыл, философ ,жазушы,ақын,композитор Абай Құнанбаев туралы ойларын қағаз бетіне сауатты да жүйелі жазуын тексеру және де ұлы адамның ұлағатын таныту болды.

Сайысқа барлығы 12 оқушы қатысты. Сайыс басталмас бұрын сайыскерлермен ұлы ақынымыз туралы:

«А.Құнанбаев мен үшін кім?» деген тақырыпта пікір алмасу, «Еркін микрофон» стратегиясы бойынша жүргізіліп,әр шәкірттің ойларын тыңдадық;

Содан соң әр оқушы «Абай - қазақтың ұлы ақыны» тақырыбында 15 минуттық эсселерін жазды.

Жұмыстарын тексеру мақсатында «Автор үстелі» стратегиясын қолдана отырып,әр сайыскер өз шығармашылық жұмысын назарларымызға ұсынды.

Әр қатысушы оқушының Абай атамыз туралы жазған шығармашылық жұмыстары көңілге қонымды,көркем және ыстық ықыласпен жазылғаны байқалып тұрды.

Сол себепті сайысқа қатысушылардың эссе жұмыстарын бағалау барысында марапаттау номинациялар арқылы жүзеге асырылуы дұрыс деп шешім қабылданды.

Оқушылардың еңбектеріне сай  «Шығармашыл», «Талантты», «Сөзге шебер», «Өнерпаз», «Ең ойшыл», «Ізденімпаз» тағы басқа номинациямен марапаттадық. Осындай талантты жеткіншектер тәрбиелеп отырған ұстаздарға да алғысымыз шексіз!

Ұлы атамыз туралы жазылған оқушылардың эсселері кітапша ретінде  жинақталды.

20.02.2020

ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары

Бүгін #67 гимназияда 11 сынып оқушыларына Достық орталығынан Аслан Серикжанұлы ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары туралы өз ойын ортаға салды. Оқушыларға оқулыкпен дайындалудың әлде кайда нәтижелі болатындығын дәлелдеп, таңдау пәндерінің кездейсоқ емес болашақ мамандығының іскері болуға жол ашатынын ашып көрсетті. Барлық деректер дәлелімен қатысушыларға түсінікті жеткізілді.
Аслан Серикжанұлына үлкен алғыс білдіреміз!

20.02.2020

Онкүндіктің жабылуы

Онкүндіктің жабылуы

Салтанатты жиында “Өзін-өзі тану” пәні бойынша онкүндіктің жабылуы өтті. Бастауыш буында “Өзін-өзі тану” адамгершілік-рухани білім бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қоғамдық қызметіне арналған “Махаббат-өмір негізі” атты жалпы республикалық ашық сабақ өтті. Оқушылар өз білімдерімен бөлісіп, онкүндіктің қорытындысын өз бетінше шығарды. «Мен, сен, ол, ол!» сурет байқауының қорытындысы шығарылды. Ең белсенді бастауыш сынып оқушылары мақтау қағаздарымен марапатталды.

20.02.2020

“Борышкер” жедел алдын алу шарасы

“Борышкер” жедел алдын алу шарасы

20.02.2020

3-сыныптардың арасында «Өлең – сөздің патшасы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласы №60 мектеп-лицейінде ақпанның 19-ы күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 3-сыныптардың арасында  «Өлең – сөздің патшасы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс электронды дауыс беру түрінде өткізілді. Сайысқа әр сыныптан бір оқушыдан қатысты.  Оқушылар Абай атамыздың табиғат лирикасына арналған шығармаларын мәнерлеп жатқа айтудан сайысқа түсті. Төмендегі көрсеткіш бойынша қорытынды шығарылды. Бекжанова Аяжан - І орын 3 «М» сынып оқушысы, Қуанышбай Әмір – ІІ орын 3 «Ә» сынып оқушысы,  Абдулла Нұрмұхамбет – ІІІ орын  3 «С» сынып оқушысы, Сайлаубек |Шұғыла белсенді қатысқаны үшін марапатталды. Оқушыларды жоғарғы деңгейде дайындағаны үшін сынып жетекшілеріне және осы іс- шараны ұйымдастырған мұғалім Куанышпаева Гульнара Берикболовнаға алғысымызды білдіреміз.

19.02.2020

«Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік

12.02.2020 ж. «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің  ашылуы 5-11 сынып оқушыларына ұйымдастырылды. Мектеп іші безендіріліп, қанатты сөздер ілінді. С.А.Назарбаеваға арналған «Мейірімін төгетін ана» атты бұрыш  ұйымдастырылды. Әдістеме бірлестік мұғалімдері ашық сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстарды жоспар бойынша атқаруда.

Онкүндіктің мақсаты:
«Өзін - өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасы ізгілік педагогикасы бойынша, білім беруде жеке тұлғаны ең жоғары құндылық деп тану, оның еркіндігі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз ету.

19.02.2020

"Тұрмыс" жедел профилактикалық шарасы.

"Нұр-Сұлтан қаласы аумағында 2020 жылдың 20 қаңтар - 20 ақпан аралығында "Тұрмыс" жедел профилактикалық шарасы өткізілуде.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны