Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдығына арналған мектепішілік кеште бастауыш сынып оқушыдары өз өнерлерін ортаға салып, үлестерін қосты. Соның ішінде 1-2-ші сынып оқушылары «Өлең- сөздің патшасы ,сөз сарасы» бөлімі бойынша Абай атамыздың ғибыратты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Бұл бөлім бойынша ерекше көзге түсіп оза шыққан балалар бірінші және екінші үшінші дәрежелі дипломдармен мадақтамалармен марапатталды.
Олар:1Жабықбай Әйгерім 1-орын
2.Сетқазы Мирас 2-орын
3.Мұрат Әсем 3-орын.
Бұл бөлімнен кейін өнерге керемет ерекше баға берген Абай атамыздың әндерін орындап жүрген талантты баоа 2 «А» сыныбының оқушысы Асхатұлы Мхаммедсафа тамаша әннен шашу шашты.2-ші сынып оқушыларынан ерекше көзге түсіп, дауыс ырғағымен, сөз саптау мәнерімен 1-орынды 2 «ә» сыныбының оқушысы Асқарқызы Мәншүк, 2-орынды 2 «б « сыныбының оқушысы Абдикаримов Қажымұқан, 3-орынды 2 «а» сыныбының оқушысы Асхатұлы Мұхаммедсафа иеленді. Байқаудың екінші бөлімі бойынша 3-сыныптар арасында Абай атамыздың өмірі мен тағылымды сөздерін қатыстыра отырып, эссе жазды . Бұл бөлімде ерекше деп танылған Оразғали Аяжан 1-дәрежелі, Раметуллв Айасыл2-ші дәрежелі, Шатұрсын Жанель 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Дүние ойдан шығады
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып –деп Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» әнімен 4-сынып оқушысы Бейсенбай Нұрымай көрермендердің көңілін серпілтті.
Абайдан оқығаның табылады
Абайды оқымаған қағылады
Абайды оқы, ерінбе, еркелеме
Абайдан іздегенің табылады деп Абай атамыздың қарасөздерін жатқа әрі мағынасын аша айту 4-сынып оқушыларына берілген болатын. Бұнда ерекше кзге түскендер: 4 «ә» сыныбының оқушысы Ханжаббар Айшын 1-дәрежелі диплом ,Қарекин Дина 2-дәрежелі, Жұматай Томерис 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Бақ пен бап шабатын өнерлілердің сайысында барлық қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды.Бүгінгі кешті қорытындылау барысында кеш соңын 3 «а» сыныбының оқушылары «Желсіз түнде жарық ай» әнімен аяқтады.


