Өткізілу түрі: Нұр-Cұлтан қаласында «Жас Ұлан» ұйымының қатарына салтанатты қабылдау рәсімі елімізде енгізілген карантин жағдайының сақталуына байланысты онлайн түрде өткізіледі.

Пандемия кезінде мектепте қашықтан оқу процесі ұйымдастырылды. Ол оқу жылының соңына дейін жалғасты.

Сол себепті, соңғы қоңырау – ZOOM, WhatsApp платформасында on-line режимінде ата-аналарға ссылка жіберу арқылы барлық сыныптарда өткізілді.

5 гимназия. Нұр-Сұлтан қаласы.
Жыл сайын алтын ұя - мектеп қабырғасынан мыңдаған түлектер жаңа өмірге қадам басады. Биылғы оқу жылының аяқталуындағы өзгешелікке қарамастан, Жас түлектеріміздің өмір баспалдақтарына тек сәттіліктер тілейміз!
Биылғы оқу жылы еліміз үшін өте ерекше жағдайда аяқталуда. Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың жарлығымен ТЖ жарияланып, 4 тоқсанда білім беру қашықтықтан жүргізілді

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейі биылғы 2019-2020 оқу жылын ойдағыдай аяқтады. Бұл оқу жылының да өзіндік өзгешілігі, қызықты да ұмытылмас шақтары, бірлесе атқарған істеріміз, жеңісті де жемісті сәттеріміз көп болды.

Өзіндік тың идеяларымен әр ісімізді жандандырып отыратын мектеп басшысы Алмагүл Тлектесқызы тарапынан мектептің оқу-тәрбие жұмысын, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан дамуын, материалдық база тұрғысынан қалыптасуын орайластыра отырып, әр оқушы үшін «Менің мектепке барғым келеді. Бұл – менің мектебім!» деген ой қалыптастыратындай жағдай жасау дәстүрге айналып келеді.

Алдағы оқу жылына қойылған мақсаттарға жол ашылып, жоспарлар жүзеге асады деген сенімдеміз!

SAKURA АЖ сыртқы порталының жұмысы жөніндегі нұсқаулық Сыртқы порталдың басты беті келесідей көрінеді. Порталмен жұмыс істеу алдында қала мен тілді таңдау қажет. Пайдалы ақпарат 1. 1. Мектеп картасы-қаланың картасында көруге болады, үйдің жанында қандай мектептер бар 2. 2. Мекен – жайы бойынша мектеп табу-бұл блок сіздің үйіңіздің қай мектепке жататынын көруге мүмкіндік береді 3. 3. Мектептер тізілімі-олар туралы толық ақпараты бар мектептердің бірыңғай тізілімі 4. Педагогтар тізілімі-бастауыш сынып мұғалімдерінің бірыңғай тізілімі, олардың рейтингі және оқыту сапасының көрсеткіштері туралы ақпарат Мектеп картасы Мектептерді картадан көру, мектепті оңай іздеу үшін оқыту тілі, Мектеп түрі, меншік нысаны және орналасқан жері бойынша сүзгілер қолдануға болады. Сондай-ақ енгізуге болады ұйымның атауы және жүргізуге іздеу. Тұрғылықты жері бойынша мектепті табу Баланың қысқаша мекен-жайын енгізіп, табу батырмасын басу керек, жүйе автоматты түрде қандай мектепке тұратынын көрсетеді Мектептер тізілімі Мектеп реестрінде мектеп төлқұжатын көруге болады, ыңғайлы болу үшін оқу тілі мен мектеп түрі бойынша сүзгілер бар. Мектеп паспорты
келесідей. Мектеп паспортында ата-ана үшін барлық қажетті ақпарат бар .

AKURA АЖ сыртқы порталының жұмысы жөніндегі нұсқаулық
Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының ықшамауданы
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "Абай әндері мен өлеңдері" атты қашықтықтан байқауында белсене қатысқаны үшін 9 "Ә" сынып оқушысы Авилбекова Динараны ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

1 МАУСЫМ-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Бүгін, 1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Сырбай Мәуленов атындағы № 37 мектеп-лицейінің 7 «А» және 7 «Б» сыныбы оқушыларына арналған «Мен жас инспектормын!»/ «Я-юный инспектор!» атты онлайн-зияткерлік викторина ойыны ZOOM платформасында ұйымдастырылды. Ойынға 12 оқушыдан тұратын 2 команда және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар Рашидова Майра Маликовна және Абдуллина Роза Болатовна қатысты. Іс-шараның мақсаты оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау ережелерімен, Қазақстан Республикасының бала құқығы және міндеттері туралы құжаттармен таныстыру және бүгінгі мейрамдарымен құттықтау болды. Оқушылар ойын кезінде инспекторлардың көмегіне жүгініп, сұрақтарға бірге жауап берді. Іс-шараның соңында балалар кері байланысқа шығып, бұл ұйымдастырылған онлайн-ойын ұнағандары туралы пікірлерін білдірді.

Оқушыларымызды жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен құттықтаймыз!

Бүгін, 1 маусым елімізде халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтуде. Осы орайда мектебіміздің оқушыларымен « Балаларды қорғау күні: мерекенің тарихы» атты онлайн радио өткіздік. Өткізілген онлайн радионың мақсаты : «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту, балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу және әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген ойды оқушылар бойынша қалыптастыру.

Сонымен қатар онлайн радиода мерекенің тарихы туралы қозғалды. Бұл күнді тек біздің ел ғана емес, 1949 жылдан бері әлемнің көптеген елі тойлайды. Халықаралық балалар күні - әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн. "Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі". Балақайдың тағдыры оны тәрбиелейтін адамдардың қолында.

Жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен барша балақайларды құттықтаймыз!

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны