Меню KDT

Новости

Главная Новости

10.08.2020

10 ТАМЫЗ – АБАЙ КҮНІ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып жарияланды.

10 тамыз – Абай күні болып мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Сондай-ақ жыл сайын халықтық мейрам ретінде аталып өтеді.

Сонымен қатар, биыл – қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы.

"Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды".

Жыл ішінде №63 мектеп-гимназиясының оқушылары қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей-тойына арналған халық­аралық, қалалық, мектепшілік деңгейде ауқымды іс-шараларға қатысып, ой-өрісін кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамып отырды. Сонымен қатар Абай жырларын оқу челленджіне қатысып, Абай мұрасын тағы бір зерделеп шықты. Мектеп оқушылары осы челленджге қызығушылық танытып, лезде іліп әкетіп отырды.  Осы челлендж Абайға деген құрмет әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі болды.

Ұлы ақынның шығармалары бү­гін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абай­дың ой-тұжырымдары барша­мызға қашанда рухани азық бола алады.

Абайға қандай құрмет көрсетсек те артық етпейді. Себебі қазақты қамшылаған Хәкім Абай құрметке әбден лайық!

10.08.2020

Абай күні!

Бүгін елімізде тұңғыш рет Абай күні тойланады. Абай күні құтты болсын! Абай әлемі, Абай мұрасы мәңгі жасасын!

10.08.2020

Қауіпсіз мектеп ортасы

10 тамыздан бастап 25 қыркүйекке дейін «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы басталды.

10.08.2020

Абайдың туғанына 175 жыл

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы-композитор Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толды.

10.08.2020

Мектеп директоры "Абай күні" мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының директоры Қашаева Айгүл Ондағанқызының 10 тамыз "Абай күні" мерекесімен құттықтады

10.08.2020

Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия оқушылары қатарластарын "Абай күнімен" құттықтады.

Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия оқушылары қатарластарын "Абай күнімен" құттықтады.

09.08.2020

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, шығармашылығына арналған  «Абай әндерінен»  қашықтық челленджі

№38 мектеп-лицейде қазақ ұлтының мақтанышы, ғұлама ойшыл, сазгер, ұлы ақын
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, шығармашылығына арналған
«Абай әндерінен»  қашықтық челленджі🎼🎬🎤 №38 мектеп лицейінің Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді.

09.08.2020

Қазақстанда 10 тамыз қазақтың дара ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың құрметіне Абай күні болып белгіленді. Осы атаулы күннің қарсаңында №67 гимназияда "Абай мұрасы" тақырыбында шығармашылық жұмыстар конкурсы ұйымдастырылмақ

Жұмыстар 08.08.2020ж – 09.08.2020ж күндері аралығында studio_z@mail.ru электрондық поштасына қабылданады. Шығармашылық жұмыстарды жеке оқушы немесе ата-анамен бірлесіп жазуға болады. Үздік деп танылған жұмыс гимназиямыздың парақшасына 10 тамыз күні жарияланады.

08.08.2020

Рухымды көтерген хат

Мың алғыс, Сізге, аға ұстаз Асхат  Қанатұлы. Әрбір  ұстаздың жеке почтасына жіберген хатыңызды оқып, басылған рухым көтерілді, індеттен ауырып еңсем түскен еді, езілген еңсемді көтердіңіз. Кешегі   індеттен өз ет  жақындары  мен туғандарын жоғалтқан ұстаздардың қайғысына ортақтасып, көңіл де білдіріпсіз. Хаттың соңында күллі ұстаздардың еңбегін бағалап, алғыс  та айтыпсыз. Оқып алып, құлазыған көңілім көтеріліп, қуаныштан көзге жас та келді. Сіздің жазған хатыңыздан менің ұққан кішкентай дүнием – ол сіздің қарапайымдылығыңыз. Сол қарапайымдылығыңыз өз өміріңізге мәңгілік қалқан болсын.

08.08.2020

Нұр-Сұлтан қаласы №67 гимназия 2020-2021 оқу жылына Мектепалды даярлық сыныбына қабылдау 10.08.2020 басталатынын хабарлайды!

Қажетті құжаттар тізімі: Ата-анасының өтініші Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (ата-анасының жеке куәлік көшірмесі) 3x4  көлеміндегі сурет 2 дана

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны