Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, шығармашылығына арналған «Абай әндерінен» қашықтық челленджі
№38 мектеп-лицейде қазақ ұлтының мақтанышы, ғұлама ойшыл, сазгер, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, шығармашылығына арналған «Абай әндерінен» қашықтық челленджі🎼🎬🎤 №38 мектеп лицейінің Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді. Челлендж бірнеше мақсат, міндеттері алға қойды: · Ұлт мақтанышы, данышпан ойшыл, сазгер, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттау; · ғұлама ақын шығармалары арқылы оқушылар бойында рухани-адамгершілік, имандылық, патриоттық қасиеттерін арттыру; · дарынды балаларды анықтау және оларға шығармашылық тұрғыдан қолдау көрсету; · ән өнерін дамытуға атсалысу; · Абай мұраларының оқушылар, ата-аналар арасында кең таралуына ықпал жасау. ♕Байқауға вокал, хор үйірмелерінің және де басқа барлық сынып оқушылары, ата-аналары қатысты. Қатысушылардың өнер көрсетуі видео арқылы жолданады. Челлендж шарттары бойынша қатысушылар 1. Абай әні орындалуы тиіс болды; 2. Челленджге қатысушылар әндерін «жанды» дауыста: - әнді (эстрадалық минусовкамен(компьютер арқылы), өзі қалаған аспаппен (домбыра, сырнай, қобыз, жетіген т.б.) және акапелла ( сүйемелдеусіз) орындауы тиіс болды; 3. Челлендж барысында қатысушының сахналық киім ерекшелігі, орындау мәнеріне назар аударылды. 4. Челленджге жеке және топтық (дуэт, трио, квартет) орындаушылар қатыстырылды.