Меню KDT

Новости

Главная Новости

22.05.2015

«Саяси репрессия құрбандары күніне» арналған сынып сағаты

Астана қаласы №49 орта мектепте 2015 жылдың 22- мамыры күні «Саяси репрессия құрбандары» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

22.05.2015

Отбасым - киелі шаңырағым

15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай мектебімізде  «Отбасы- киелі шаңырағым» тақырыбында сайыс болып өтті.  Сайысқа 5-6 сынып  оқушыларымен ата-аналары қатысты.

21.05.2015

«Бастауышым бал бұлағым, Таттым сенен балдың дәмін»

Мектебімізде  2015 жылдың 20 мамыр күні  4 А,Б сынып оқушылары сынып жетекшілері Құрманғалиева Бақыт және Ақшалова Баянның жетекшілігімен  «Бастауышым бал бұлағым, Таттым сенен балдың дәмін» атты  ертеңгілік іс шара өткізді.Жоғары сыныпқа  көшкелі отырған бұл бүлдіршіндер мерекелік іс шарада аянбай  өз өнерлерін ортаға салды.

21.05.2015

АТА-АНАЛАР конференциясы өтті.

«Жас өспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық  көмек көрсету» тақырыбында АТА-АНАЛАР конференциясы өтті.

2015 жылдың 16 мамырында «Жас өспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық   қолдау» акциясы шеңберінде  №42 орта мектебінде «Жас өспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық  көмек көрсету» тақырыбында АТА-АНАЛАР конференциясы өтті. Конференцияға «Нұр Отан» партиясының өкілі Әбилкайыров Сайранбек Ербатырулы ата-аналарды жауапты сәтте балаларына қолдау көрсетуге шақырды.

21.05.2015

«Қазақстан кеше және бүгін» тақырыбында конференция өтті.

2015 жыл 14 мамыр күні 5-10 сыныптардың қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Халықтар Ассамблеясының 20 жылдығы және ҚР Конституциясы 20 жылдығына байланысты «Қазақстан кеше және бүгін» тақырыбында конференция өтті. Конференцияға 5 – 10 сыныптар аралығында оқушылар қатысты.

21.05.2015

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

21 мамырда тарих және қоғамтану пәнінің мұғаліміАккошкароваГулайманАкаевна 5,6,7 сынып оқушылары үшін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Наперекор судьбе» тақырыбына әдеби кеш ұйымдастырды.

21.05.2015

"Батырлар жыры" байқауында

Жақында мектебіміздің 5 «Ж» сынып оқушысы Құрмантаев Сағынтай. Мамыр айының он тоғызыншы жұлдызында №37 орта мектепте  өткен Қалалық «Қайратты туған ер еді...» - қазақ батырлық эпостарын жыршылар мақамымен жатқа орындау байқауында бас жүлдені иемденді.

21.05.2015

"Саяси қуғын сүргін ашаршылық құрбандарын еске алу"

Астана қаласы, қалалық әкімдік «Саяси қуғын сүргін ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне арналған іс-шаралардың бірі ол - Малиновка кентіндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың  бастамасымен салынған «Алжир» мемориалды мұражай кешеніне  Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп –гимназиясының оқушылары барып, ақпараттар алып, саяси қуғын сүргінге зиялы қауымның бетке ұстары:

Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыр – қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат-мұратының  мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. 1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде «рухани көсем» А. Байтұрсынов та бар. 1937 ж. 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды пышағына ілігеді

Тұрар Рысқұлов – адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.

Мағжан Жұмабаев – табиғат жаршысы, махаббат жыршысы. Оның бұл тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы тәуелсіздік. Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды.

Міржақып Дулатов – «Оян, қазақ!» бұл сөздің құдіреті де қасиеті де сол – осы отты өлеңнің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қаныш тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы – бүгінде қазақ байтағын індеттей жайлаған бойкүйездік,  самарқаулық, жалқаулық, еріншектік – қысқасы ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отырған барша кесапаттарды тап басып айта білген, содан арылуға үндейді, намысқа ақырады.  1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

Осы жазалау шараларын ұйымдастыру үшін Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды. 1930 жылдың мамыр айында  КСРО Халық Комиссарлары  Комитеті  «Қазақстанда еңбекпен түзеу  лагерьін  құру туралы»  қаулы қабылдайды. Қазақстан картасында  Карлаг, Степлаг, Алжир т.б лагерьлер пайда болады.  Видеоролик арқылы  тарихи сол кездегі ашаршылықтың болғанын көзбен көргендей  жан ашырлықпен келді.

20.05.2015

Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік іс-шара

3 а және 3 ә сынып оқушылары үшін Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік іс-шара мектептің мәжіліс залында өткізілді.

20.05.2015

Халықаралық «Ақпараттық технологиялар әлемінде» сайысы

2015 жылы 20 мамырда Халықаралық сырттай өтетін «Ақпараттық технологиялар» сайысының қорытындысы шығарылды. Сайыс Астана қаласындағы Тұран колледжі мен Лондон қаласындағы City of Westminster College ұйымдастырған бұл сайысқа 81 жұмыс қатысқан екен. Соның ішінде «Жарнамалық ролик» номинациясы бойынша мектебіміздің шығармашылық тобы І дәрежелі дипломға ие болды. Олар: Қаражан Бекасыл, Жарасбай Жансұлтан, Ерматов Данияр, Шалқар Айжан, Малмақ Әділ, Исаева Жібек, Сембаева Камила, Қоспан Наурызхан (10Б,Ә сынып оқушылары). Жетекшісі Сейілова К.С

20.05.2015

«Үздік тәрбие ісінің меңгерушісі»

Сәуір айында Тілдер дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Үздік тәрбие ісінің меңгерушісі» атты конкурсқа мектебімізден Омашева Ғалия Молдатайқызы қатысты.

20.05.2015

ОСКО - Республикалық олимпиадасы

Мектебімізде 2015 жылдың 15-16 мамыр күндері «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының адами капиталды дамытудағы рөлі» атты республикалық форум және ҚР кіші ғылым академиясының «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша он бесінші республикалық ауызша командалық олимпиадасы жоғары деңгейде өтті. Олимпиада ҚР Кіші ғылым академиясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Олимпиадаға Астана, Алматы, Қызылорда, Екібастұз  және Алматы, Жамбыл облыстарынан  оқушылар қатысты.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"