№49 орта мектебінде «Таза қала!» ұранымен өткізілген қалалық сенбілікке мектеп ұжымы мен оқушылары толықтай қатысты. Сенбілік мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Е.Әкіштің тілек сөзімен басталды. 9 а сынып оқушыларының дайындаған Flesh Mob биі ауа райының салқын болуына қарамастан сенбілік қатысушыларының көңіл күйлерін көтеріп, жұмыс белсенділіктерін арттырды.
Мектеп ауласына санитарлық – тазалық жұмыстары әр сыныпқа арнайы бөлінген территорияларда жүргізілді.
Экологиялық сенбілікке санитарлық – тазалық жұмыстарын жүргізуге қажетті құрал – жабдықтар (сыпырғыш, күрек, тырма, шелек, қолғап, қапшықтар) оқушылар өздерімен алып келеді.
Сенбілікке белсенді қатысқан оқушылар жерді бұтақтар мен қоқыстардан тазартып, тырмауыштармен шөптер арасындағы жапырақтарды алды. Мектеп әкімшілігі мен мектеп ұстаздары белсенді түрде сенбілікке қатысып, оқушыларға үлгі бола білді.
Мектеп ауласы тазарып, қоқыстар шығарылып, ағаш түбтері ақталды.
Сенбілікке қатысу арқылы оқушылардың еңбек етуге деген талпыныстары күшейіп, көңілдері көтерілді.Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"