2015 жылғы 19 қыркүйек күні Астана қаласын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық сенбілікке оқушылар мен ұстаздар мектеп ауласына жиналды. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында «Біз таза қаланы қолдаймыз» ұранымен мектеп ауласына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргіздік: мектеп ауласы, тас жолдар қоқыстан тазартылды, мектеп қоршаулары шөптерден тазаланды. Сондай-ақ, тас жолдар сыпырылды.

Астана қаласы № 53 мектеп-лицейінде тілдер мерекесіне арналған «Тапқыр достар» тақырыбында 5 сыныптар арасында қазақ тілінен зияткерлік сайысы өткізілді. Бұл іс-шараға жауапты мұғалімдер: Ш.Т.Медеубаева, А.М.Данишкина. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың білімділік, шешендік, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту. Ұжымдық жұмыс жасауға, топтасып ақылдаса білуге, шапшаң шешім қабылдауға машықтандыру. Іс-шараға қатысып белсенділік танытқан оқушылар грамоталармен мараптталды.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Оңтүстүк Африка мемлекеті Йохенсбург қаласында өткен каратэ-до дан ХVII Әлем чемпионатында мектебіміздің оқушылары чемпион атанды
25.09.2015ж гимназияда жас мамандар мектебінің жұмысы шеңберінде шебер-сыны өткізілді.

Жақында Астана қаласында дзюдо күресінен 2005-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасында «Мақсат» спорт кешенінің ашық біріншілігі өтті.

№53 мектеп-лицейінде 7«Ә» сыныбында «Мақал-мәтел бәйгесі» өтті. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, іздемпаздығын, білім деңгейін дамыту. Сайысқа әр топқа 6 оқушыдан қатысты. Сайыс екі топ арасында өтті. Сайыстың кезеңдері 4 турдан болды. 1 - тур. «Ойна да, ойла» деп аталады. Оқушылар тоқтамастан мақал айту сайысын өткізді. «Білгірлер» және «Тапқырлар» топ арасында болған бұл сайыс теңбе-тең есеппен аяқталды. 2 - тур. Мақал-мәтелдің сыңарын табу. Бұл сайыста «Тапқырлар» алға шықты. 3 - тур. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын анықтап беруден сайыста «Білгірлер» тобы алға шықты. 4 – тур шешендік әңгімеден тапқырлықты шыңдайтын сұрақтар берілді. Бұл сайыста екі топтың айтқан жауаптары бірдей болып шықты. Сайыс қорытындысы теңбе-тең есеппен аяқталды. Сайыс сабақты ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусаинова Әсемгүл Кенжебекқызы сайыскерлерді құттықтап, шешен сөйлеуде мақал-мәтелді меңгерудің пайдасы зор екендігін айтып, сәттілік тіледі.

22 – қыркүйек Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесі.
Құрбан айт мерекелеріңіз құтты болсын! Құрбан шалып, ниет еткендердіңіз ниеті қабыл болғай!!!
Жаратқан елімізге бейбітшілік, әрбір шаңыраққа, әрбір азаматына аман-саулық бұйырта көрсінші деп тілейміз!

Тілім менің –тірегім

16.09.2015 ж. Қалалық бастауыш сыныптар арасында «Тілім менің -тірегім» атты топтық сайыс №4 мектеп-гимназиясында сағат 10.00 – де өтті. Бұл топтық сайыста №2 мектеп-гимназиясының «Болашақ» атты тобы Капатаева Қымбат Капатаевна мен 4 А сынып оқушысы Сарсенбинова Амира қатысып Бас жүлде иегері атанды.

І тур тапсырмасы 5 тақырыптың ішінен біреуін таңдап эссе жазу, эссе 2 беттен кем болмауы тиіс. Бұл ұстаздар үшін тапсырма еді. Ал, оқушыға тіл туралы дайындап келген өлеңін мәнерлеп оқуп жарысты, яғни бұл командалық жарыс еді.

ІІ турда І турдан өткен Астана қаласының мектептерінен ең үздік шыққандар №51 мектептен сыналды.

ІІ турдың өзі 3 бөлімнен тұрды: 1 бөлімде оқушы тіл туралы мақал-мәтелдер айтып сайысса, мұғалімдер ақын-жазушылардың тілге байланысты айтқан сөздеріне тапсырмалар орындады.

2 бөлімінде берілген тақырыпқа оқушы мен мұғалім 7 минутта өлең жазу керек болған. Осы сайыста Амира оқушымыз «Ана тілегі» атты тақпағын мәнерлеп оқып, көзге түсті.

3 бөлімінде оқушы мен мұғалім шығармашылығы (ән, би, өлең, монолог, т.б) көрсету керек болған. Біздің Болашақ командамыз араб ұлтының ұлттық «Нубия» биін көрермендер жақсы қарсы алды.

Астана қаласының Білім басқармасының қалалық бастауыштар сынып арасында «Тілім менің-тірегім» атты топтық сайыста Бас жүлде дипломымен мараппалды.

Қазақ хандығының құрылғанына 550 -жылдық мерейтойына орай Шығыс Қазақстан облысында республикалық «Қайратты туған ер еді...» - қазақ батырлық эпостарын жыршылар мақамымен жатқа орындау байқауында мектебіміздің 6 «Ж» сынып оқушысы Құрмантаев Сағынтай ІІ жүлделі орынды иемденді.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны