Мектебімізде 19-24 қазан аралығында жаратылыстану пәндері бірлестігінің апталығы өтті. «Жаратылыстану ғажайыптары» деген тақырыптағы апталықтың басты мақсаты: оқушылардың жаратылыстану ғылымына қызығушылықтарын арттыру, ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу. Табиғатты аялап, қорғай білуге тәрбиелеу. Апталық аясында «Халық көші-қоны», «Тамыр түр өзгерістері. Тамыр жүйесі», «Ми. Ми бөлімдері» деген тақырыптарда ашық сабақтар өткізілді. «Алаш жолы – ұрпақ жолы» деген тәрбиелік іс-шара, «Химия әлеміне саяхат» деген топтық сайыс ұйымдастырылды. Апта бойы «Қандай көркем, туған өлкем?!» атты сурет көрмесі оқушылардың көзайымына айналды.