2016 – 2017 оқу жылы 13 – 14 қазан күндері С. Сейфуллин мұражайында қалалық Сәкен оқулары болып өтті. Сәкен оқуларына мектебіміздің 9 «А» сынып оқушысы Төреқұл Аяулым және 7 «Ә» сынып оқушысы Авилбекова Диана қатысты. Аталмыш оқушылардың жарысқа дайындаған, жетекшілік еткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Касымжанова Н. Н. Жарыстың қорытындысы бойынша мектебіміздің екі оқушысы және жетекшісі алғыс хатпен марапатталды.

2016-2017 оқу жылында №74 мектеп-гимназиясында құрылған оқушылардың «ДАРЫН» ғылыми қоғамы.
13 қазан күні оқушылардың табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы білімдерін кеңейту, табиғаттың сыйын өз көздерімен көріп, дəмін татып, күз байлығын, əсемдікті сезіне білуге, көргендері туралы əңгімелей білуге, адамдардың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында күзгі жəрмеңке өтті. Күзде дастарханымыз дəнді -дақыл, жеміс -жидек, көкөністерге толы болатынын, оның барлығы еңбекпен, маңдай термен келетінін оқушыларға түсіндіру болды.
Жəрмеңкеге 1-6- сыныптар қатысты. Сыныптар Қазақстан облыстарының өнімдерін көрсетуге ат салысты. Барлық сыныптар өте жоғары деңгейде дайындалған. Ата -ана, ұстаз, оқушы болып атқарылған бұл жұмыстың тәрбиелік мəні өте зор. Сынып жетекші, тəрбиеші және ата -аналарына алғыс білдіреміз.
Зияткерлік сайыс жоспары негізінде биология пәнінен 7 "А,Ә,Б,В" сыныптары бойынша "Тіршілік әлеміне саяхат " атты сыныптан тыс іс-шара өтті.

Мектебімізде жылдағы дәстүр бойынша «Жомарт күз» мерекесі өтті. «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға 5-7 сыныптар қатысты. Сайысқа он жеті жұп қатысып, төрт бөлім бойынша жарысты. Оқушылардың эстетикалық талғамы мен мәдениеті жылдағыдан әлдеқайда жақсы болғаны байқалды. Әділқазылардың шешімімен Бас жүлдеге 6 «А» сыныбының Қайнар мен Жансая жұбы ие болды.

"Мектеп жасындағы балалардың денсаулығы" атты бойынша анықтама.
14-қазан күні мектебімізде Астана қаласы білім басқармасы, денсаулық басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, №5 қалалық емхана және "Шуақ" жастар денсаулығын сақтау орталығымен бірлесе отырып, "Мектеп жасындағы балалардың денсаулығы" атты акция ұйымдастырды. Акцияның негізгі мақсаты әрине оқушылар арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау болды. Акция мектеп қазан айы бойы жалғасатын болады. Бүгінгі акция барысында сонымен қатар, "Даналық" медико - фармацевтикалық колледжінің 2-курс студенттерінен волонтерлық топ құрылып қосымша жұмыстар атқарылды. Оқушылармен қызықты да, пайдалы тренингтер, флешмоб, спорттық жаттығулар, викториналар, интербелсенді тақта арқылы денсаулық, тазалық, зиянды әдеттер т.б. туралы бейне роликтер көрсету жұмыстары ұйымдастырылды. Тек оқушылармен ғана емес , мектеп ата-аналармен де қарқыннды жұмыстар жасалды. мектеп фойесунде арнайы қосымша ақпараттық денсаулық бұрышы ұйымдастырылып, әр-түрлі брашулалар таратылып, дәріс оқылды. Ай бойы мектептің медициналық кабинетінде оқушыларға арналып, көз ауруы, кариес, жеңіл түрдегі қан жетіспеушілік, сүйек бұлшық ет жүйесінің аурулары т.б. алдын - алу мақсатында кеңес беру күндері өтетіндігі хабарланды. Ата-аналарға осы акцияға балалармен бірге белсенді қатысуға шақыратынымызды айтып өттік. Ата-аналар мұндай акцияға қуанышты екендіктерін білдіріп, ризашылықтарын айтты.
Аталған акцияға қатысқан қонақтар мен қызметкерлер:
1. Салауатты өмір салтын сақтау орталығының бөлім басшысы Анарбаева Жанар Кусмановна
2. 5-қалалық емхана дәрігері Ногаева Раушан Абилова
3. 5-қалалық емхананың бөлім басшысы Байдалина Багдат Тлеухановна
4. 5-қалалық емхана психологы Альчикенова Перизат Нурдогуловна
5. "Шуақ" ЖДО басшысы Шанбаева Гүлназ Нұрдығұлқызы
6. 5-қалалық емхана әлеуметтік қызметкері Жакетова Нургуль Жумабековна
7. "Даналық" медико - фармацевтикалық колледжінің 2-курс студенттері
№ 59 мектеп-лицейінде 2016 жылдың қазан айының 14 күні «Мектептің біртұтас педагогикалық үдерісіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ибраева Лаура Құрақбайқызы жас мамандарға арналған мектепішілік әдістемелік семинар өткізді.
2016 жылғы 14-қазан күні күні 3 «Б» сынып оқушыларымен оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету мақсатында
Дене шынықтыру пәні апталығы өтуде. Апталық аясында бүгін мектебімізде шымыр жігіттеріміздің арасында ұлттық ойын - "арқан тартыс" өткізілді!!!
Астана қаласындағы №84 мектеп-лицейінде "Жас мамандардың шеберлігін шыңдау" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.Жас мамандар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыра отырып жүргізілген семинарда жастардың креативті, заманауи көзқарастары байқалды.

«Тіл-тірлігіміздің айғағы » атты 22-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне арналған кеш

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"